28.03.2025ж. №7 «Қарлығаш» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары кестесіне сәйкес «Көшедегі ойын кезіндегі мінез-құлық қағидалары» тақырыбында балалармен әңгімелесу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: жарақаттар мен қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында балаларға көшеде ойнау кезіндегі қауіпсіз мінез-құлықтың қағидаларын үйрету.
Тәрбиеші Зейноллаева Г.З. балаларға көшедегі ойын кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі қағидаларымен таныстырды.
1 қағида. Қауіпсіз жерлерде ойнау.
2 қағида. Жолға шықпау, жолға қарай жүгірмеу.
3 қағида. Айналаға қарау. Жолды кесіп өтер алдында айналаға, жан-жағына қарау керектігін түсіндірді.
4 қағида. Ересектердің бақылауында ойнау.
5 қағида. Айналадағы адамдарға мұқият болу. Балаларға қақтығыстар мен жарақаттануды болдырмас үшін басқа балалар мен ересектерге мұқият қарау керектігі түсіндірілді.
Тәрбиеші Г.З.Зейноллақызы балаларды көшеде ойнау кезіндегі мінез-құлықтың негізгі қағидаларымен таныстырып, арнайы бөлінген орындарда, ересектердің бақылауымен ойнаудың маңыздылығын түсіндірді.
Тәрбиеші: Зейноллаева Гаухар Зейноллақызы
#жекеқауіпсіздік
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі