Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Кітапtime» оқу апталығы аясында «Кітап-білім бұлағы» атты бөбекжайға кітап сыйла акциясы ұйымдастырылып, оқу сауаттылық апталығы қорытыланды.
Мақсаты: бөбекжайдағы кітапхана бұрышындағы кітаптар қорын заманауи басылымдармен толықтыру.
№61 «Сұлтан» бөбекжайының ата-аналары белсенділік танытып, өздерінің оқыған жаңа кітаптарын сыйға тартты. Акцияға 6 топ қатысып, бөбекжайдағы кітапхана бұрышы түрлі кітаптармен толықтырылды. Бөбекжайға кітап сыйла акциясына белсене атсалысқан №1 «Балапан», №4 «Ақбота», №6 «Ақжелкен», №7 «Қарлығаш», №8 «Айгөлек», №9 «Күншуақ» тобының ата-аналарына Алғыс білдіреміз!

#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі