Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №61“Сұлтан”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК.
Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 29 шағын аудан 213 ғимарат.
Электронды пошта: detskisad_sultan_61@mail.ru
Байланыс номері: 8 (7292) 30-55-65, 30-55-67.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 ж. №432 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып, төмендегі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
1.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының дене шынықтыру нұсқаушысы-1 ( сағат саны-4,8), (уақытша бала күтімі демалыс орнына).
2.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының қазақ тілі мұғалімі-1 ( сағат саны-4,8).
3. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының хореографы-1 ( сағат саны-7,2).
Біліктілікке қойылатын талаптар: диплом бойынша дене шынықтыру нұсқаушысы мамандығына сәйкес жоғары және кәсіптік педагогикалық білімі бар.
Еңбек ақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының дене шынықтыру нұсқаушысының негізгі функцоналдық міндеті:
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес дене шынықтыру бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады;
денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады;
дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: диплом бойынша қазақ тілі мұғалімі мамандығына сәйкес жоғары және кәсіптік педагогикалық білімі бар.
Еңбек ақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының қазақ тілі мұғалімінің негізгі функцоналдық міндеті:
оқытылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады, балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізеді;
мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, олардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;
оқытудың түрлі формаларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты қолданады, инновациялық технологияларды меңгерген;
бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;
әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, кәсіби құзыреттілікті арттырады;
тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жауап береді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: диплом бойынша хореограф мамандығына сәйкес жоғары және кәсіптік педагогикалық білімі бар.
Еңбекақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымындағы хореографтың негізгі функционалдық міндеті:
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
Ұйымдастырылған оқу қызметтерін жүргізеді;
хореография негіздерін оқытады;
би бағдарламаларын дайындайды, репертуарлар таңдайды;
топтық және жеке дайындықтар өткізеді;
мүлтіксіз орындауды, орындаушылық шеберліктің артуын қамтамасыз етеді;
мектепке дейінгі ұйымның жұмыстарына, сахналандырылған мерекелерді, іс-шараларды дайындауға қатысады.
Би костюмдері мен аксессуарларының дизайны туралы ойластырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.
* Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
* жеке басын куәландыратын құжат;
* кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
* педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
* еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі ( бар болса);
* “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
* психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
* наркологиялық ұйымнан анықтама;
* Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
* 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жыл 04 қаңтардан бастап 12 қаңтарға дейін қабылданады.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қағиданың тәртібіне сәйкес белгіленеді.