Маңғыстау білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) негізінде білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңес құрамының мүшелігіне ұсыныстардың қабылданатындығын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес – білім беру ұйымдарында алқалы орган болып табылады және оның қызметін және дамуын қамтамасыз етуге ықпал жасау мақсатында құрылады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1.мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – әрбір жастағы топтардың санынан аспайды;
2.педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3. жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4. үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5. қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6. бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.
Құрметті ата-аналар!
Сіздердің қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстарыңызды күтеміз!
Өтініштер төмендегі мекенжайлар мен электрондық пошталар арқылы 2024 жылдың 28 қаңтарына дейін қабылданады.