Ақтау қаласының 60 жылдығы аясында, балабақша қызметкерлері арасында, «Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, спортты дамыту және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында флорбол жарысы (хоккей) өтті.
Жарысқа бөбекжайымыздан дене шынықтыру маманы Сарсенғалиева Н.Р. командасымен қатысты.
Флорбол жарысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, бөбекжайымыздың командасы жүлделі III орын және номинациялармен марапатталды.
Команда мүшелері:
1. Сарсенгалиева Н.Р дене шынықтыру маманы, «Үздік ойыншы» номинациясы және ІІІ орын диплом.
2. Жанабаева К.А. тәрбиеші, «Үздік қақпашы» номинациясы және ІІІ орын диплом.
3. Алданова Р.Ж. тәрбиеші, ІІІ орын диплом.
4. Олжабай Г.А. тәрбиеші, ІІІ орын диплом.
Құттықтаймыз!