24.06-28.06.2024ж аралығында балалардың жазғы демалысын әсерлі өткізуіне танымдық, жан-жақты, жағымды көңіл-күй мен ертегілер әлеміне, театрға, қызығушылығын дамыту мақсатында «Ертегілер еліне саяхат» апталығы өтті.
Барлық топтарда қуыршақ театрының қойылымдары (саусақ театры, көлеңке театры, үстел-үсті театры, маска театры) түрлі театр қойылымдары ұйымдастырылды.
27 маусым күні бөбекжай ауласында, таза ауада, тәрбиешілер «Үйшік» ертегісінің қойылымын көрсетіп, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
«Ертегілер еліне саяхат» апталығы 28 маусым күні «Бауырсақ», «Үйшік», «Жәндіктер достығы» ертегілерінің қойылымымен қорытыланды.
Қуыршақ театры, ертегі қойылымдары арқылы балалар өздерінің актерлік шеберліктерін шыңдап, рөлге еніп ойнауды, кейіпкер образын көрерменге жеткізуді үйренді.
#жазғысауықтыру
#жолкартасыақтау
#Ұлттыққұндылықтар
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі