Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік ұмытылмайды! Мәңгілік тағзым!» атты қалалық флешмоб байқауы өтті.
Байқауға біздің бөбекжай ұжымы да белсене қатысып, ата-аналар, педагогтер және тәрбиеленушілердің қатысуымен әсерлі флешмоб ұсынды.
Шара барысында қатысушылар «Катюша» әнінің қазақша нұсқасын орындап, Отанға деген сүйіспеншілік пен ерлікке тағзымды өнер арқылы жеткізді.
Нәтижесінде ұжымымыз жүлделі ІІ орын иеленіп, жетістікке қол жеткізді! Бұл – тәрбиешілер, ата-аналар және балалардың бірлескен еңбегінің айғағы.
Шынайы қолдау білдіріп, белсенділік танытып, байқауға қатысқан ата-аналарымызға алғысымызды білдіреміз! Сіздердің еңбектеріңіз – біздің ортақ мақтанышымыз!

Жеңісіміз құтты болсын! Жетістіктеріміз көбейе берсін!

#ЖеңісКүні80жыл
#Жеңіскүні
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі