23 сәуір — Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні
Бүлдіршін балаларды келешек оқырман ретінде кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой – өрісін дамыту, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында
№61 «Сұлтан» бөбекжайында «Кітап алтын қазынам» атты кітап оқу іс -шарасы ұйымдастырылды.
Тәрбиешілер бүлдіршіндерге ертегілер кітабынан қызықты ертегілер оқып, кітаптардың көптеген ғажайып түрлерімен және бүлдіршінедерге арналған көптеген суреттері бар кітаптармен таныстырылды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасына лайықты, ертегі, жұмбақ жаңылтпаш, әңгіме естіп өсуі – олардың сөздік қорының молаюына, ақыл-ойының жетілуіне дыбыстарды дұрыс айту мәдениетіне әсер етеді. Өйткені, бала ертегідегі жақсы кейіпкерге еліктеп батыр, шыдамды, ақылды, кеңпейіл болғысы келеді.
Ертегілерді бүлдіршіндер қызығушылықпен тамашалады.
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
#дүниежүзіліккітапкүні
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#Маңғыстауоблысыбілімбасқармасы
#оқуәдістемелікорталығы
#қалалықбілімбөлімі