11.06.2025ж. Ересек топ балалары таза ауада «Досыма сыйлық» тақырыбында шығармашылық жұмыстармен айналысты.
Іс-шара барысында балалар «Менің досым» тақырыбында әңгімелесіп, достық туралы түсінік қалыптастырды. Олар достық туралы ән тыңдап, бірге шырқады. «Шығармашылық шеберханасы» бөлімінде балалар өз қиялдарын іске қосып, жапсыру, сурет салу арқылы достарына арнап сыйлықтар дайындады. Шара соңында бір-біріне жылы лебіздерін, ақ тілектерін арнады.
Бұл қызықты әрі мазмұнды іс-әрекет балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, достықтың қадірін ұғынуға септігін тигізді.
«Досыма сыйлық» шығармашылық жұмыстар
