Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

05.05.2025ж. 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай, №61 «Сұлтан» бөбекжайының №9 «Күншуақ», №11 «Қызғалдақ» мектепалды тобының тәрбиеленушілері Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйіндегі» мұражайға саяхат жасады.
Саяхат барысында бүлдіршіндер өңірдегі 21 этностың мәдениеті мен салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен танысып, біршама мәліметке қанық болды.
Саяхаттың мақсаты: балаларды татулық пен бірлікке шақырып, өзге ұлттың мәдениетін насихаттау.
Шара соңында бүлдіршіндер ән, тақпақ айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. «Достық үйінің» қызметкерлері балаларды мерекемен құттықтап, сыйлыққа кітап табыстады. Балалар естелікке суретке түсіп, мұражай қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Саяхат балалардың бәріне ұнады. Олар білімдерін кеңейтіп, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.

@assambleya_mangystau
#1мамырбірліккүні
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі