Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бөбекжайымызда 29.07-02.08.2024ж. аралығында «Кел шырқайық, бәріміз» апталығының жоспарына сәйкес, қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау, балалардың қасиетті аспапқа деген құлшынысын ояту мақсатында «Қазағымның қазынасы-домбыра» домбыра-пати ұйымдастырылды.

Шараға бөбекжайымыздың тәрбиеленушілері атасымен, ағасымен, апасымен қатысып, «Есір “Ақжарма”, «Балбырауын», «Ер тұран» сынды күйлерді орындап, ұлттық аспапты ұлықтады.
Жоралы жұртымыздың қатпар-қатпар тарихынан, асу да асу кезеңінен сыр шерткен күй-толғау, сыңғырлы сұлу ән-әуен құлағымыздан кетпесін, халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы-Домбыра төрімізден түспесін!

«Домбыра-party» шарасына қатысқан ата-аналарымызға алғыс білдіреміз!

#домбырапати
#dombyraparty
#жазғысауықтыру
#жолкартасыақтау
#Ұлттыққұндылықтар
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі