16 қараша Маңғыстау облысының білім басқармасы Ақтау қаласы мектепке дейінгі ұйымдарға бару және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістерін дамыту бойынша тәжірибе алмасу мақсатында бөбекжаймызда Қазақстан Республикасының Президенті Медициналық орталықтың істерін басқару «Қарлығаш» балабақшасы жанындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының өкілдері мен дөңгелек үстел өтті.
Қонақтарымызға -«Үздік дидактикалық материалдар» көрмесін тәрбиешілер Жанабаева Куралай Абылаевна, Мұғазенова Айдана Еркінқызы таныстырды.Сондай-ақ бейнелеу өнері маманы Садыбекова Майра Нұрланқызы «Ұлттық қолөнер бөбекжайда» Шебер-сыныбын өткізді.
Қазақстан Республикасының Президенті Медициналық орталықтың істерін басқару «Қарлығаш» балабақшасы жанындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын директоры Кожахметова Раушан Токтаровна «Желілік балабақша үлгісі» тақырыбында тұсаукесер өткізді.
«Іс-тәжірибедегі инновациялар» мастер-класс ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету секторының меңгерушісі Муралимова Света Муратбековна таныстырды.
«STEM — білім беру – балалар арасындағы эксперименттік -зерттеу әрекеті: «Оттегі – тіршілік көзі» баяндамасын «Айшуақ» балабақша тәрбиешісі Дорофеева Валерия Владимировна таныстырып өтті
Дөңгелек үстелде жаңа стандартқа байланысты көкейде жүрген көптеген сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Дөнгелек үстел өтті
