Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бөбекжайымызда педагогтердің белсенділігіне қозғау салатын ақпараттық орта қалыптастыру, әдістемелік қызметте жаңашылдықты анықтау, талантты педагогтерді анықтау мақсатында қазан айында педагогтер арасында бөбекжайішілік «Дидактикалық ойындар» көрмесі өткізілді. Көрмеге барлық бөбекжай педагогтері қатысты. Олар өз тәжірибесінде қолданатын дидактикалық ойындар материалдарын жинақтап, жұмыстарын презентация жасап қорғады. Бөбекжайымыздың дене шынықтыру маманы Сарсенгалиева Н.Р. «Заманауи педагог», бейнелеу өнері маманы Садыбекова М.Н. «Үздік педагог», тәрбиешілер Юсупова М.А. «Жаңашыл педагог», Кансултанова Н.Х. «Шығармашыл педагог» номинацияларымен марапатталды.
Бөбекжай директоры Тыныштық Қалниязқызы ұсынылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, дидактикалық ойындарды тиімді қолданудың білім сапасын арттыруға зор ықпал ететіндігін атап өтті. Алдағы уақытта да жұмыстарын одан әрі жинақтап, бірлестікте қарап, өз тәжірибелерінде кеңінен қолданып, дидактикалық ойындар қорын молайту ұсынылды.