Жаңалықтар

Бөбекжаймызда Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, балаларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, қазақ халқының ұлы мерекесіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында ортаңғы, ересек топтарын «Қош келдің, әз Наурыз!» атты тақырыптық іс-әрекеттері өтті. #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектепалды топтарда «Наурыз — біздің Жаңа жыл» атты ертеңгіліктер өтті. Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету. #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

Біртұтас тәрбие бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 18 наурыз күні №61 «Сұлтан» бөбекжайында ересектер мен мектепалды даярлау топтарының арасында «Анам және мен» байқауы өтті. Байқауға №6 «Ақжелкен» ересек, №7 «Қарлығаш», №8 «Айгөлек», №11 «Қызғалдақ» мад топтарының тәрбиеленушілерімен аналары қатысты. Байқау «Мен қазақтың қызымын» (таныстыру), «Ас болсын» үй тапсырмасы (тағам дайындап, оның жасалу жолын таныстыру ), «Сұлулық […]

Бөбекжайымыздың тәрбиешісі Абилова Айдана Серікқызы консультациялық пункттің жоспарына сәйкес ата-аналарға қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай» ойынының шартын түсіндіріп, ата-аналарды ойын алаңына шақырды. Ата-аналар сырмақты айналып, шеңбер құрып отырып, ойынға қызығушылықпен қатысты. Қазақта асық ойынның түрлері көп. Сондай ойындардың бірі қазақтың ежелден келе жатқан Ханталапай ойыны. Бұл ойынның басты ерекшеліктерінің бірі – ойынды тек ер балалар ғана […]

14 наурыз күні №61 «Сұлтан» бөбекжай ұжымы дәстүрлі түрде Амал мерекесін үлкен қуанышпен қарсы алды. Бөбекжай қызметкерлері күмбірлеген күймен, ақ дастархан, ыссы бауырсақпен бөбекжай тәрбиеленушілері мен ата-аналарды қарсы алды. Баршаңызды Амал мерекесімен құттықтаймыз! Жұртымыз тыныш, еліміз аман, аспанымыз ашық болсын! Жыл мерекелі де берекелі болсын! #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

14.03.2025ж. Бөбекжайымызда ересек топ тәрбиеленушілеріне арналған, 14 наурыз — Көрісу күніне орай «Наурыз-жыл басы!» атты мерекелік шара өтті. Мақсаты: Балаларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу. #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, бөбекжайымыздың тәрбиешісі Коптлеуова Рухия Эсенгельдиевна «Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының ролі» тақырыбында ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру жұмыстарын жүргізді. #консультациялықпункт #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлім

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 13 наурыз күні «Тіл дамыту бойынша логопедтің 3 кеңесі» тақырыбында дефектолог-логопед маманы Кумисбаева Нұржайна Сансызбайқызы ата-аналарға кеңес берді. Біздің бөбекжайда балалары мектепке дейінгі ұйымға бармайтын ата-аналарға, сондай-ақ балалары бөбекжайға баратын ата-аналарға арналған кеңес беру пункті жұмыс істейді. Біз сізге көмектесуге қуаныштымыз! Кеңес беру пункті ТЕГІН жұмыс істейді. #консультациялықпункт […]

Құрметті Аналар, Әжелер, Ұстаздар! Сіздерді 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңызда береке болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке — бірлік тілейміз! Ізгі тілекпен: №61 «Сұлтан» бөбекжай ұжымы

4.03-7.03.2025ж. аралығында №61 «Сұлтан» бөбекжайында, «Халықаралық әйелдер мерекесіне орай», «Аналар — асыл жандар!» атты мерекелік ертеңгіліктер өтті. Мақсаты: балаларға көктем мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру, олардың танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту. 8 наурыз мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалар қонаққа келген аналары мен әжелеріне тақпақ-өлеңдерін айтып, ән салып, би билеп қуантты. Мерекелік ертеңгіліктер көңілді өтті. #8наурызаналармерекесі #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар […]