Жаңалықтар

2025 жылдың наурыз айының 29 күні №61 «Сұлтан» бөбекжай ұжымы сенбілік ұйымдастырды. Бөбекжай ауласын қоқыстардан тазалау, ағаштардың түптерін қопсыту, ақтау жұмыстары жүргізілді. Сенбілік табиғатқа деген оң көзқарасты қалыптастыруға және бөбекжай ауласының жағдайын жақсартуға бағытталған. #сенбілік #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

28.03.2025ж. №9 «Күншуақ» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары кестесіне сәйкес «Үйдегі қауіпті заттар» тақырыбында балалармен әңгімелесу, түсіндіру, жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: балаларға үйдегі қауіпті заттарды тануды және жазатайым оқиғалар мен улануды болдырмау үшін дұрыс әрекет етуді үйрету. Тәрбиеші А.Дәуітқызы балаларға үйде қандай заттар қауіпті болуы мүмкін екенін және олардың жанында қалай дұрыс әрекет ету керектігін түсіндірді. […]

28.03.2025ж. №10 «Ақбұлақ» ересек тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары кестесіне сәйкес «Көшедегі бейтаныс адамдардың ұсыныстарына қалай жауап беруге болады?» тақырыбында балалармен әңгімелесу, түсіндіру, жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: балаларға көшеде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын үйрету және бейтаныс адамдардан неге кәмпиттерді, ойыншықтарды немесе тәттілерді алмау керектігін түсіндіру. Тәрбиеші Мұғазенова А.Е. балаларға бейтаныс адамдардың жанында өзін қалай […]

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу әдістемелік орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен, «Үздік логопед — 2025» сырттай байқауы өткізіліп, бөбекжайымыздың логопед маманы Кумисбаева Нуржайна Сансызбаевна қатысып, жүлделі І орын дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз! #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу әдістемелік орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен, мектепке дейінгі мекеме педагогтері арасында «Көркем сөз – көңіл ажары!» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға бөбекжайымыздың дене тәрбиесі нұсқаушысы Боранбаева Акку Есмурзаевна қатысып, жүлделі І орын дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз! #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні №32 «Ақшағала» бөбекжай базасында «Ұлттық құндылық — біздің жаңашылдық» тақырыбындағы қалалық мобильді топ жоспары бойынша семинар өтті. Семинар барысында спикер №61 «Сұлтан» бөбекжайының тәрбиешісі Жанабаева Куралай Абылаевна «Бәрін білгім келеді» тақырыбында мектепалды топ тәрбиеленушілерімен кіріктірілген кешенді іс-әрекетін өткізіп, тәжірибесімен бөлісті. #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

28.03.2025ж. №7 «Қарлығаш» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары кестесіне сәйкес «Көшедегі ойын кезіндегі мінез-құлық қағидалары» тақырыбында балалармен әңгімелесу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: жарақаттар мен қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында балаларға көшеде ойнау кезіндегі қауіпсіз мінез-құлықтың қағидаларын үйрету. Тәрбиеші Зейноллаева Г.З. балаларға көшедегі ойын кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі қағидаларымен таныстырды. 1 қағида. Қауіпсіз жерлерде ойнау. 2 қағида. Жолға […]

22 наурыз — Ұлыстың ұлы күні Ақтау қаласында қазақтың ұлттық киімін киген 5000 адам жиналып, әлемдік Гиннесс рекордын орнатты. Ұлттық киім шеруіне №61 «Сұлтан» бөбекжайының педагогтері өз үлестерін қосып қатысты. Қазақтың ұлттық киімі Гиннес рекордтар кітабына енді. Құттықтаймыз! #BestfestAktauNauryz2025 #наурызмерекесі #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын! Еліміз тыныш, жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ізгі тілекпен: №61 «Сұлтан» бөбекжайы ұжымы

20.03.2025ж. Ұлыстың ұлы күні — 22 наурыз мерекесіне орай, бөбекжай қызметкерлері арасында отбасы құндылықтарды насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Өнегелі келін» бөбекжайішілік байқауы өткізілді. Байқауға үш тәрбиеші Абилова Айдана Серікқызы, Өтегенқызы Гүлмира, Тасболатова Жараскан Куанткановна және екі тәрбиешінің көмекшілері Султанова Айнур Нургельдиевна, Махсудова Кундызай Жалгасовна қатысты. Байқау «Сәлем-сөздің анасы», «Білгенге маржан», «Салт-дәстүрім салтанатым», «Өнерлі […]