Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

12 сәуір — Ғарышкерлер күніне орай «Ғарыш әлемі» атты бөбекжайішілік қолөнер байқауы өткізілді. Балалар өз қиялдарын ғарыш тақырыбында еркін жеткізіп, ерекше туындыларымен көзге түсті. Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды. 🥇 орын — №2 «Құлыншақ тобы Абай Еркеназ Арманқызы №3 «Балбөбек» тобы Нұрлыбек Алинұр Ыкласұлы №8 «Айгөлек» тобы Ербатыр Асылан Нұрланұлы №8 «Айгөлек» тобы Айдарұлы Ислам №9 […]

Толығырақ

Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні №61 «Сұлтан» бөбекжайында «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыруда Ақтау қаласының жол картасы бойынша мектепке дейінгі мекемелер арасында «Мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдардарда құзыреттілік орталықтың маңыздылығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында бөбекжайымыздың тәрбиешілері Н.К.Хидерхожаевна, С.М.Сарсенова, Т.К.Унбергеновна «Ұлттық құндылықтар байлықтарымыз» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті. «Ай-наз» жекеменшік бөбекжай-балабақша […]

Толығырақ

№61 «Сұлтан» бөбекжайында сенбілік ұйымдастырылып, қызметкерлер бөбекжай ауласын бірлесіп тазалау, гүлзарларды ретке келтіру, ағаштарды қопсыту жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлер ұйымшылдық танытып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты. #сенбілік #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

Толығырақ

16.04.2025ж. №61 «Сұлтан» бөбекжайында №4 педагогикалық кеңес отырысы өтті. Тақырыбы: «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Мақсаты: Педагогикалық әдеп нормаларын талқылау. Педагогтар арасындағы кәсіби қарым-қатынасты нығайту. Мектепке дейінгі мекемеде этикалық қағидаларды сақтау жолдарын қарастыру. Жиында педагогикалық әдептің өзекті мәселелері талқыланып, кәсіби қарым-қатынастағы әдеп нормаларына ерекше назар аударылды. Тәрбиеші Мұғазенова А.Е. педагогтерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Сенім […]

Толығырақ

8.04-11.04.2025ж аралығында бөбекжайымызда, барлық топтарда 12 сәуір — Ғарышкерлер күніне арналған тақырыптық іс-әрекеттер өтті. Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі, Байқоңыр ғарыш айлағы, ғарышкерлер күні туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіровтің ерлігі жайлы айта отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылықтарын арттыру.

Толығырақ

2025 жылдың сәуір айының 11 күні бөбекжайымызда Ғарышкерлер күніне орай, «Ғарыш әлемі» атты балалардың ата-аналарымен бірлескен жұмысынан көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: 12 сәуір — Ғарыш күніне орай түсініктерін кеңейту. Ғарыштың таңғажайып сырларымен таныстыру. Ерекше әрі дара мамандықтардың бірі екенін ұғындыру. Ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын ояту. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Көрмеге белсене қатысқан ата-аналарымызға алғысымызды білдіреміз! […]

Толығырақ

Ағымдағы жылдың 9 сәуір күні, №61 «Сұлтан» бөбекжайынның музыка жетекшісі Құлсариева Гүлнар Орынқызының 60 жас мерейтойына арналған «Саналы ғұмыр, сырлы сазгер, сара  жол…» атты салтанатты кеші өтті. Мақсаты: Сазгер, әнші Гүлнар Орынқызының шығармашылық жолын, өнердегі жетістіктерін насихаттау, рухани мәдениетті дәріптеу, жас ұрпаққа үлгі ету. Өлкемізге танымал әнші-сазгер Гүлнар Орынқызының салтанатты кешіне өнердегі замандастары, ҚР Мәдениет […]

Толығырақ

2025жылдың 4 сәуір күні, №61 «Сұлтан» бөбекжай спортзалында, «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының  жол картасы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында құрылған әкелер клубының жұмыс жоспарына сәйкес, Бекзат Саттархановтың туғанына 45 жыл толуына орай, «Біз спортты сүйеміз» жарысы ұйымдастырылып өткізілді. Спорттық жарыс төрт кезеңнен тұрып, оған Ермановтар отбасы, Балабаевтар отбасы, Макановтар […]

Толығырақ

31.03.2025ж. №10 «Ақбұлақ» ересек тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті. Мақсаты: тәрбиеленушілерге жедел қызметтердің, байланыс орталықтарының телефон нөмірлерін есте сақтауды және қажет кезде дұрыс қолдануды үйрету. Тәрбиеші Ф.Т.Турарбекова балаларға қандай жағдайларда жедел қызметтерге, байланыс орталықтарына қоңырау шалу керектігін, өрт сөндірушілер, полицейлер, медицина қызметкерлері және олардың […]

Толығырақ

28.03.2025ж. №7 «Қарлығаш» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары кестесіне сәйкес «Көшедегі ойын кезіндегі мінез-құлық қағидалары» тақырыбында балалармен әңгімелесу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: жарақаттар мен қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында балаларға көшеде ойнау кезіндегі қауіпсіз мінез-құлықтың қағидаларын үйрету. Тәрбиеші Зейноллаева Г.З. балаларға көшедегі ойын кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі қағидаларымен  таныстырды. 1 қағида. Қауіпсіз жерлерде ойнау. 2 қағида. Жолға […]

Толығырақ