Жаңалықтар

Бүгін №61 «Сұлтан» бөбекжай ауласында кезекті сенбілік өтті. Ата-аналар мен бөбекжай қызметкерлері бірлесе отырып, ойын алаңдарын сырлап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік балалардың қауіпсіз әрі көрікті ортада ойнауына жағдай жасау мақсатында жүзеге асты. Сенбілікке жұмыла кіріскен барша ата-аналарға алғыс білдіреміз! #сенбілік #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

6.05.2025ж.»Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Әкелер мектебі» жоспары бойынша бөбекжайішілік «Әке – асқар тау» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – әкелердің отбасындағы және бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, олармен тығыз байланыс орната отырып, баламен бірлескен әрекеттер арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Дөңгелек үстел бірнеше бөлімнен тұрды: “Тегін білген – тектілік”, “Кім епті?”, “Білекті бірді жығар” т.б. […]

05.05.2025ж. №61 «Сұлтан» бөбекжайында, бөбекжайішілік педагогтер арасында «Көркем сөз – көңіл ажары» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты — педагогтердің көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін дамыту, көркем сөздің көркемдігін сезіне отырып, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру және шығармашылық белсенділігін арттыру. Байқау барысында қатысушылар поэзия мен прозадан үзінділерді жүрекпен жеткізіп, көркем сөйлеу, дауыс […]

05.05.2025ж. 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай, №61 «Сұлтан» бөбекжайының №9 «Күншуақ», №11 «Қызғалдақ» мектепалды тобының тәрбиеленушілері Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйіндегі» мұражайға саяхат жасады. Саяхат барысында бүлдіршіндер өңірдегі 21 этностың мәдениеті мен салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен танысып, біршама мәліметке қанық болды. Саяхаттың мақсаты: балаларды татулық пен бірлікке шақырып, өзге ұлттың мәдениетін […]

29-30.04.2025ж. 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай кіші, ортаңғы, мектепалды топтарда тақырыптық іс-әрекеттері, ересек топтарда мерекелік шара өтті. Мақсаты: Балаларға 1-мамыр Қазақстан бірлігі күні мерекесі екенін түсіндіру. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымастық туралы түсініктерін кеңейту.

№61 «Сұлтан» бөбекжайында балалардың танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылық ойлауын дамыту мақсатында «Мен зерттеушімін» атты бөбекжайішілік байқауы өтті. Байқауға кіші, ортаңғы, ересек және мектепалды топтарының тәрбиеленушілері белсенді қатысып, өз зерттеушілік қабілеттерін түрлі қызықты тәжірибелер арқылы көрсетті. Байқау балалардың ғылымға деген қызығушылығын оятып, өз ойын еркін жеткізуге, зерттеу жүргізуге деген ынтасын арттырды. Барлық қатысушылар жүлделі орын дипломдармен […]

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, бөбекжайымыздың №7 «Қарлығаш» мектепалды тобының тәрбиешісі Жанабаева Құралай Абылаевна ата-аналарға балаға әріптерді дұрыс қосып, сөзді толық оқуға үйрету жолдары бойынша кеңес берді. Кеңес барысында әріптерді тану, буындап оқу, дыбыстарды дұрыс айту және баланың оқуына қолайлы жағдай жасау туралы пайдалы әдіс-тәсілдер ұсынылды. Сонымен қатар, үй жағдайында баламен қалай жұмыс жүргізуге болатынына […]

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, бөбекжайымыздың бейнелеу өнері маманы Садыбекова Майра Нұрланқызы сіздердің назарларыңызға «Екінші өмір сыйла» тақырыбында онлайн кеңесін ұсынады. Үй жағдайында тұрмыстағы қалдық материалдарды қайта қолдану арқылы қалай қолөнер бұйымдарын жасауға болатынын көрсетеді. Кеңес барысында шығармашылық ойды дамыту, балаға экологиялық тәрбие беру және ата-анамен бірге үй жағдайында қызықты уақыт өткізу жолдары қамтылған. Видеоны […]

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, бөбекжайымыздың психолог маманы Нұрмұханбетова Ақмарал ата-аналармен кездесу өткізіп, бала тәрбиесіндегі ата-ананың орны мен маңызы туралы кеңес берді. Кездесу барысында ата-ананың баламен жылы қарым-қатынас орнатуы, эмоциялық қолдау көрсетуі, үлгі бола білуі — баланың тұлғалық дамуына зор әсер ететіні айтылды. Психолог Нұрмұханбетова А.Т. ата-аналарға отбасындағы өзара түсіністік пен махаббаттың бала өміріндегі рөлін […]

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, бөбекжайымыздың №7 «Қарлығаш» мектепалды тобының тәрбиешісі Жанабаева Құралай Абылаевна ата-аналарға балаға әріптерді дұрыс қосып, сөзді толық оқуға үйрету жолдары бойынша кеңес берді. Кеңес барысында әріптерді тану, буындап оқу, дыбыстарды дұрыс айту және баланың оқуына қолайлы жағдай жасау туралы пайдалы әдіс-тәсілдер ұсынылды. Сонымен қатар, үй жағдайында баламен қалай жұмыс жүргізуге болатынына […]