Жаңалықтар

22.05.2025 жылы «Оқушы орталығы» КММ базасында Маңғыстау облысы білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен өткен «BabySkills-2025» қалалық чемпионатының жабылу салтанаты өтті Шара барысында қатысушылардың еңбегі жоғары бағаланып, №61 «Сұлтан» бөбекжайының педагогтері арнайы дипломдармен марапатталды. Ал тәрбиеленушілер медаль және дипломдарға ие болып, өз жетістіктерімен қуантты. Бұл чемпионат балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, еңбекке баулуға […]

2025 жылдың мамыр айының 22-23 күндері бөбекжайымыздың мектепалды топтарының бүлдіршіндеріне қоштасу ертеңгіліктері өтті. Мерекеге көптеген кейіпкерлер келіп, балалармен ойын ойнап, би билеп, ән шырқап, түрлі тапсырмаларды орындады. Кіші топ бүлдіршіндері келіп түлектерді құттықтап, тілектерін тіледі. Балалар қоштасу вальсін билеп, бөбекжай қызметкерлеріне алғыстарын айтты. Ата-аналар да өз тарапынан бөбекжай ұжымына жақсы тілектерін айтып, алғыс білдірді. №61 […]

21.05.2025жылы «Оқушы орталығы» КММ базасында Маңғыстау облысы білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен мектепке дейінгі балалардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және болашақ мамандықтарға қызығушылығын арттыру мақсатында «BabySkills-2025» қалалық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Шараға №61 «Сұлтан» бөбекжайының педагогтері мен тәрбиеленушілері 6 құзыреттілік бойынша қатысты. 1. «Киім дизайнері» — Қажымұқан Айханым Мейрамбекқызы, […]

Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні №61 «Сұлтан» бөбекжайының, №7 «Қарлығаш» мад, №11 «Қызғалдақ», №8 «Айгөлек», №9 «Күншуақ», мад топтарының бүлдіршіндері, мектепке деген қызығушылығын арттыру, болашақ оқу ортасына бейімдеу, мектепке психологиялық дайындықты қалыптастыру және оқу-білімге деген оң көзқарасты дамыту мақсатында, үлкен өмірге алғашқы қадам жасап, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектебіне саяхат жасады. Балалар […]

2025 жылдың 13 мамыр мен 16 мамыр аралығында бөбекжайымыздың барлық топтарында оқу жылының қорытынды іс-әрекеттері өткізілуде. Мақсаты: балалардың жыл бойы меңгерген білім, білік және дағдыларын саралап, жетістіктерін көрсету, олардың шығармашылық қабілеттері мен жеке даму деңгейлерін бағалау. Қорытынды іс-әрекеттер қызықты, мазмұнды әрі балалардың белсенді қатысуымен өтті. Әр топ өз ерекшелігіне сай білім беру салаларын қамтыған жобалар, […]

“Thrive by Kazakhstan” мобильді қосымшасын қалай қолдануға болады? 1. Қосымшаны жүктеп алыңыз: Смартфоныңыздан Play Market немесе App Store қосымшасына кіріп, “Thrive by Kazakhstan” деп іздеңіз. Қосымшаны тегін жүктеп алып, орнатыңыз. 2. Баланың мәліметтерін енгізіңіз: Қосымшаны алғаш ашқанда, балаңыздың туған күнін енгізіңіз. Бұл жүйеге баланың жасына сай мазмұнды ұсынуға мүмкіндік береді. 3. Күнделікті кеңестерді қолданыңыз: Қосымша […]

«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік ұмытылмайды! Мәңгілік тағзым!» атты қалалық флешмоб байқауы өтті. Байқауға біздің бөбекжай ұжымы да белсене қатысып, ата-аналар, педагогтер және тәрбиеленушілердің қатысуымен әсерлі флешмоб ұсынды. Шара барысында қатысушылар «Катюша» әнінің қазақша […]

8.05.2025ж. Бөбекжайымызда 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, бөбекжайішілік «Менің елім – Қазақстан» атты патриоттық ән байқауы өткізілді. Байқауға кіші, ортаңғы, ересек және мектепалды даярлық топтарынан барлығы 12 тәрбиеленуші қатысты. Балалар Отанға деген сүйіспеншілігін ән арқылы жеткізіп, өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды. Байқау бүлдіршіндердің бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, өнерге деген қызығушылықтарын арттыра түсті. […]

Бөбекжайымызда 9 Мамыр – Жеңіс күніне орай балалардың шығармашылығын дамыту және ерлікке тағзым ету мақсатында қолөнер және сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге әр топтың тәрбиеленушілері мен ата-аналары белсене қатысып, өз қолдарымен жасаған туындыларын ұсынды. Балалардың еңбектері арқылы Отанға деген сүйіспеншілік, бейбіт өмірдің қадірі мен батырларға деген құрмет сезілді. Шынайы қолдау танытып, шығармашылықпен үлес қосқан ата-аналарымызға алғыс […]

8.05.2025ж. Бөбекжайымызда 7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 Мамыр – Жеңіс күніне орай кіші, ортаңғы, ересек, мектепалды даярлық топтарда тәрбиелік мәні зор тақырыптық іс-әрекеттер өткізілді. Балаларға Отан қорғаушылар мен Ұлы Отан соғысының батырлары туралы бейнебаяндар көрсетіліп, патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Сурет салу, шығармашылық жұмыстар арқылы балалар өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Іс-шаралар […]