Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

✅16 қазаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады. Бұл туралы бүгін @primeministerkz ресми телеграмм каналында хабарлады. 🟢Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін. 🟢Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетілетін болады. 🟢Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмек көрсету үшін білікті […]

Толығырақ

2023жылдың 10 қазан күні кіші, ортаңғы, ересек, мектепалды топтарында ата-аналар жиналысы өтті Мақсаты: Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты құру. Ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешілермен тығыз байланысын арттыру, бала тәрбиесіндегі ата — ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым — қатынасты қалыптастыру.

Толығырақ

№61 «Сұлтан» бөбекжайында ұжыммен бірге «Жемқорлықсыз жол, сенімді жол» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жемқорлық- мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- баршамызға ортақ іс. #сыбайласжемқорлыққажолжоқ

Толығырақ

6.10.2023ж. №61 «Сұлтан» бөбекжайында «Ұстаз-саған мың алғыс» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бөбекжай басшысы Тыныштық Қалниязқызы құттықтау сөз сөйлеп, білім саласында табанды еңбек еткен педагогтерді алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шара барысында ұстаздарға арналған ән шырқалып, би биленіп, қойылымдар орындалып, шара жақсы деңгейде, әр педагогтің жүзіне күлкі сыйлайтындай, көңілді өтті. #ұстаздаркүні #ұстазымменіңұстазым

Толығырақ

Құрметті Ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаз-ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сіздерге ұзақ өмір, шығармашылық табыс, таусылмас бақыт, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз! #ұстаздаркүні #ұстазымменіңұстазым

Толығырақ

4.10.2023ж. Ұстаздар күні мерекесіне орай, бөбекжай бүлдіршіндері «Ұстаз — саған мың алғыс!» атты мерекелік шараға тақпақ, ән айтып, бөбекжай педагогтерін мерекелерімен құттықтады. Мерекелік шара флешмоб биімен аяқталды.

Толығырақ

Ардақты ардагерлер! Ақ баталы аталар, ақ пейілді аналар! Баршаларыңызды 1 қазан — Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қарты бар үйдің қазынасы бар! Аман болыңыздар, дендеріңіз сау болсын! Елді бірлік пен адал еңбекке жетелеп, жас ұрпаққа батасымен жол ашқан, жақсыға тілектес ақылы дария  қариялар мерекесі құтты болсын! Бөбекжайымыздың бүлдіршіндерінің «Менің сүйікті атам мен әжем» тақырыбындағы […]

Толығырақ

Маңғыстау облысының 50 жылдығы мен Ақтау қаласының 60 жылдығына орай, бөбекжайымыздың бүлдіршіндері мен ата-аналары бірлесе жасаған «Отанды сүю — жүректен» тақырыбында қол өнер және сурет көрмесі ұйымдастырылды. #Ақтау60жыл

Толығырақ

Сүйікті Ақтау қаламызға 60 жыл! №61 «Сұлтан» бөбекжайының ұжымы баршаңызды Ару қаламыз Ақтаудың- 60 жылдық мерей тойымен құттықтайды! Ақмаржан қаламыз дамып, көркейе берсін. Барша қала тұрғындарына денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Асқақтай бер! Жасай бер! Гүлдене бер! Сүйікті қала — Ақтауым! Педагогтердің құттықтауы және музыка жетекші Г.Құлсариеваның орындауында «Ақтауым» әнін қабыл алыңыздар. Сөзі Ғ. Әріп, Әні […]

Толығырақ

28.09.2023ж. Бөбекжайымызда Маңғыстау облысының 50 жылдығы мен Ақтау қаласының 60 жылдығына орай, «Мерейлі мекен — Маңғыстау» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: Туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. Балалардың тілін дамытып, сөздік қорларын молайту және есте сақтау қабілеттерін нығайту. Балалардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру. Барлық қатысушылар дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!💐💐💐 #Ақтау60жыл

Толығырақ