Жаңалықтар

Бөбекжай педагогтері «Өрлеу» БАҰО ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар және бейнедәрістер байқауының өңірлік кезеңіне қатысып, «Ерте сауаттылық мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» аталымы бойынша тәрбиешілеріміз және бейнелеу өнері маманы жүлделі орындарға ие болды. III орын -Коптлеуова Р.Э. Жанабаева Қ.А. II орын -Туржанова Э.А. I орын — Садыбекова Майра Нұрланқызы байқаудың Республикалық кезеңіне жолдама […]

10 қараша күні Қалалық Этностардың (Қазақстанда тұратын ұлттар) отбасының мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған «Шаңырақ» бейнероликтер байқауы өткізілді. Бөбекжайымыздың №6 «Ақжелкен» ересек тобының тәрбиеленушісі Достанқызы Медина отбасымен бірге қатысып «Үлгілі отбасы» номинациясына ие болды. Құттықтаймыз! Тәрбиешісі: Жалгасова Кундыз Женгисовна.

2023 жылдың, қараша айының 1- 8 жұлдызы күндері №61 «Сұлтан» бөбекжайында «Алтын күз» ертеңгіліктері өткізілді. Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру, мерекелік көңіл- күй сыйлау. Балаларды ән айтуға, би билеуге деген ынталарын арттыру.

Бөбекжайымызда педагогтердің белсенділігіне қозғау салатын ақпараттық орта қалыптастыру, әдістемелік қызметте жаңашылдықты анықтау, талантты педагогтерді анықтау мақсатында қазан айында педагогтер арасында бөбекжайішілік «Дидактикалық ойындар» көрмесі өткізілді. Көрмеге барлық бөбекжай педагогтері қатысты. Олар өз тәжірибесінде қолданатын дидактикалық ойындар материалдарын жинақтап, жұмыстарын презентация жасап қорғады. Бөбекжайымыздың дене шынықтыру маманы Сарсенгалиева Н.Р. «Заманауи педагог», бейнелеу өнері маманы Садыбекова М.Н. […]

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Ақтау қаласына 60 жыл мерекелік медалімен Ақтау қаласының дамуына үлес қосқаны үшін мектепке дейінгі ұйымда 30 жылдан асқан еңбек өтілі бар бөбекжайымыздың директоры Балмагамбетова Тыныштық Қалниязқызы және музыка жетекшісі Құлсариева Гүлнар Орынқызы, дене шынықтыру маманы Сарсенғалиева Назира Рахметқызы Ақтау қаласы әкімі Ұ.Тналиев ұсынған медаль иегерлері атанды. Құттықтаймыз!

23.10.2023ж. Бөбекжайымызда 25-қазан Республика күні мерекесіне орай барлық мектепалды топтарында ертеңгіліктер өткізілді. Мақсаты: Балалардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. #РеспубликакүніМаңғыстау #RepublicDayMangystau

25-қазан Республика күніне орай өткізілетін шаралар жоспарына сәйкес және «Әнұран айту» челленджіне мектепалды топ бүлдіршіндері мемлекеттік гимнді орындап қатысты. #гимнказахстана #әнұранорындау #мояродинаказахстан #моястрана #маңғыстау #РеспубликакүніМаңғыстау #RepublicDayMangystau

25 қазан Республика күні мерекесіне орай, ересек, ортаңғы топтарында тақырыптық оқу іс-әрекеттері өтті. #РеспубликакүніМаңғыстау #RepublicDayMangystau

20.10.2023ж. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жоспары бойынша, аға оқытушы А.Қ.Жұмабаевамен бірлесіп, курстық оқу бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында «Мектепалды даярлық топтарында/сыныптарында тәрбие- білім беру процесін ұйымдастыру» — тақырыбында №61 «Сұлтан» бөбекжайында көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Бөбекжай директоры Т.Балмагамбетова тыңдаушыларды балабақша жұмысымен таныстырып, ұйымдастырылған іс-әрекеттерге тоқталды. Бөбекжайдың №10 «Ақбұлақ» мектепалды даярлық топ […]

Құрметті ата-аналар! МКҚК №61 «Сұлтан» бөбекжайында мектепке дейінгі мекемеге балалары келмейтін ата-аналарға арналған «Консультациялық кеңес» пункті ашылды. Егер сіздің балаңыз балабақшаға келмейді, бірақ сізде баланы тәрбиелеу мен оқытуға, баланы дамытуға, баланың денсаулығын нығайтуға қажетті сұрақтар туындаған жағдайда, сіз бөбекжай директорынан, әдіскерден, психологтан, педагог-логопед, медбикеден бөбекжайдың Консультациялық пункітінен кеңестер мен практикалық көмек алуыңызға болады.