Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 21 қараша күні Қалалық «Әкем-асқар тауым» байқауы өткізілді. Бөбекжайымыздың №8 «Айгөлек» ересек тобының тәрбиеленушісі Талғат Шахмардан әкесі Ерманов Наурызбек Талғатұлымен бірге қатысып, «Зерек әке мен бала» номинациясына ие болды. Құттықтаймыз! Тәрбиешісі: Юсупова Менсулу Атабаевна

11.12.2023ж. Бөбекжайымызда 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған жұмыс жоспары бойынша, «Менің Отаным- Қазақстан» тақырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалар бойында ұлтжандылық сезімдерін қалыптастырып, туған елге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылығын дамыту. Балалар туған елге, туған жерге деген патриоттық сезімдерін өз шығармалары арқылы жеткізе білді. Құрметті №61 «Сұлтан» бөбекжайының […]

8.12.2023ж. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған қалалық «Тәуелсіздік тірегім» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Бөбекжайымыздың №6 «Ақжелкен» ересек тобының тәрбиешісі Жалгасова Кундыз Женгисовна қатысып II дәрежелі орынға ие болды. Әріптесімізді құттықтаймыз!

«Салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру арқылы баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту» тақырыбында педагогикалық кеңес №2 жоспары бойынша дене шынықтыру маманы Сарсенғалиева Назира Рахметқызы мад топтарына «Біз спортшыл балақай» спорттық сайыс өткізді. Мақсаты: Балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, спортқа деген қызығушылығын арттыру. Балалардың ептілігін, шапшаңдығын ,төзімділігін қимыл –күш қабілеттерін дамыту. Ойын кезінде татулыққа, ұйымшылдыққа, бірін […]

Ағымдағы жылдың 30 қараша күні бөбекжайымызда №2 педагогикалық кеңес өтті. Тақырыбы: «Салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру арқылы баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту»

Бөбекжайдың жылдық жоспарына сәйкес, 16 -24 қараша күндері аралығында, педагогтер арасында бірінші жарты жылдықтағы күзгі қорытынды оқу іс- әрекеттері өтті. Мақсаты: Балалардың бір тоқсан бойы алған білімдерін бекіту, қорытындылау. Тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Бір-біріне қамқор болуға, аялауға, мейірімділікке тәрбиелеу, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

16 қараша Маңғыстау облысының білім басқармасы Ақтау қаласы мектепке дейінгі ұйымдарға бару және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістерін дамыту бойынша тәжірибе алмасу мақсатында бөбекжаймызда Қазақстан Республикасының Президенті Медициналық орталықтың істерін басқару «Қарлығаш» балабақшасы жанындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының өкілдері мен дөңгелек үстел өтті. Қонақтарымызға -«Үздік дидактикалық материалдар» көрмесін тәрбиешілер Жанабаева Куралай Абылаевна, Мұғазенова Айдана […]

Бос лауазымға конкурс өткізу туралы 2023 жылдың 17 қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығы негізінде Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №61 «Сұлтан» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК-да тәрбиешінің уақытша бос лауазымына […]

15.11.2023ж. ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі және №32 «Ақшағала» бөбекжайы мен №61 «Сұлтан» бөбекжайы арасындағы педагогикалық практиканы ұйымдастыру және базалық мекемелермен байланыс жұмыстарының 2023-2024 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес бірлескен «Мектепке дейінгі ұйым мен колледж арасындағы сабақтастықты нығайту» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым мен колледж арасындағы сабақтастықты нығайта отырып, тәрбиеші мамандығының […]

15 қараша — Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні және елдің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күні 1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңге алғаш айналымға енгізілді. Ұлттық валютаның дамуы қысқа мерзімде — бір жылдың ішінде жасалды. Соған қарамастан, теңгенің сапасы жоғары. Бүгінде теңге ұлттық валюта ретінде елде берік орныққан. Барлық Қазақстандықтарды, жерлестерімізді, қаржы […]