Жаңалықтар

2023 жылдың наурыз айында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Тәрбиешіміз Юсупова М.А. қатысып «Жаңашыл педагог» номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз!

2023 жылдың ақпан айының 23 күні Ақтау қаласының оқу -әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Үздік тәрбиеші — 2023» сырттай байқауы өтті. Бөбекжай тәрбиешісі Нұрмұханбетова А.Т. байқауға қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№61 «Сұлтан» бөбекжай» ЖБҚ МКҚК-ның 2023 жылғы жұмысының қорытындысы. Ақтау қаласы 29 шағынауданда орналасқан Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№61 «Сұлтан» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2015 жылы ашылды. Жобалық сыйымдылығы 280 орын. Бөбекжай 2 жастан 6 жасқа дейінгі […]

22.12.23ж. Бөбекжайымызда “Мен жемқорлыққа қарсымын” дөңгелек үстелі өтті. Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу. Өз қызметіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке қол жеткізу. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беріліп, видеоролик көрсетілді. Педагогтер екі топқа бөлініп пікір талас, ой толғау, […]

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай, Салалық кәсіптік одақтың Маңғыстау облыстық ұйымы «Тәуелсіздік – балалар көзімен» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырып өткізді. Бөбекжайымыздың №11 «Қызалдақ» мад тобының тәрбиеленушісі Болат Қарақат белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталып, мереке күніне орай театрға жолдама берілді. Жетекшісі: Мұғазенова А.Е. Құттықтаймыз!

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Тату -тәтті халқымызға бақ қонып, Кетпесін туған жердің берекесі. Құрметті Қазақ елі! Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! №61 «Сұлтан» бөбекжай ұжымы Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға мол бақыт, амандық тілейміз! Еліміз гүлденіп, көркейе берсін! Төл мереке құтты болсын!

Ақтау қаласының 60 жылдығы аясында, балабақша қызметкерлері арасында, «Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, спортты дамыту және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында флорбол жарысы (хоккей) өтті. Жарысқа бөбекжайымыздан дене шынықтыру маманы Сарсенғалиева Н.Р. командасымен қатысты. Флорбол жарысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, бөбекжайымыздың командасы жүлделі III орын және номинациялармен марапатталды. Команда […]

Желтоқсан айының 15 жұлдызында бөбекжайымыздың бүлдіршіндерінің арасында, «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбында патриоттық өлеңдер, мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға бөбекжайымыздың ересек, мектепалды даярлық топтары қатысты. Мақсаты: Бүлдіршіндердің туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілігін ояту, Отанды құрметтеуге шақыру, патриоттық тәрбие беру. Ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, өлеңді қазақ тілінде жатқа айту арқылы тіл байлығын арттыру. Байқауды әділқазылар алқасы […]

12.12-14.12.2023ж. аралығында бөбекжайымызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында ортаңғы, ересек, мектепалды топтарында тақырыптық оқу іс-әрекеттері өтті. Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Бүлдіршіндердің тілдік, сөздік қорын байыту. Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой- өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.

13.12.2023 ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша КДИ жоспары бойынша Маңғыстау телеарнасының «Төрлетіңіз» бағдарламасына «Ұлттық құндылық-тәрбие өзегі» тақырыбындағы сұхбатқа Өрлеу БАҰО АҚ филиалы МОБ КДИ аға оқытушысы Жұмабаева Ақбілек Қошқарбаевна мен №61 «Сұлтан» бөбекжайы директоры Балмагамбетова Тыныштық Қалниязовна шақырылып, бөбекжайдағы ұлттық құндылықтардың маңызы туралы ойларымен бөлісті.