Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

2024 жылдың 25 қаңтар күні бөбекжайымызда балаларды ерте дамыту институты 2023-2024 оқу жылдарындағы » Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жоспары бойынша, «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған «Мақал сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы» мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды білуге арналған оқу іс-әрекеті өтті. №8 «Қызғалдақ» ересек тобы Тақырыбы: «Мақал сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы» Тәрбиеші: Юсупова М.А.

Толығырақ

Бөбекжайдың жылдық жоспары бойынша, барлық топтар арасында, балаларды қазақ ертегілері арқылы адамгершілік, имандылық қасиеттерін бойына дарыту, баланың бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндерді сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйрету мақсатында «Ертегілер әлеміне саяхат» атты сахналық көрініс апталығы өтті. Келешекте […]

Толығырақ

Ағымдағы жылдың 19 қаңтар күні  «Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, флорбол спортынан мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында өткен қалалық жарысқа қатысып, І орын дәрежесіне ие болып, марапатталған бөбекжайымыздың дене шынықтыру маманы Сарсенғалиева Назира Рахметқызын және тәрбиеші Жанабаева Құралай Абылайқызын құттықтаймыз!

Толығырақ

№61”Сұлтан” бөбекжайында 2024 жылдың 19 қаңтар күні ұжымдық есеп беру жиналысы өтті. Жиналысқа бөбекжай қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. 2023 жылғы атқарылған жұмыстар, соның ішінде қаржы қозғалысы туралы есебі; 2. ⁠Кәсіподақтың жылдық жұмысы туралы есебі; 3. ⁠Педагог этикасы туралы.

Толығырақ

Маңғыстау білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы                 №56 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) негізінде  білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңес құрамының мүшелігіне ұсыныстардың […]

Толығырақ

Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №61“Сұлтан”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 29 шағын аудан 213 ғимарат. Электронды пошта: detskisad_sultan_61@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 30-55-65, 30-55-67. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 […]

Толығырақ

Құрметті әріптестер! Сіздерді Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен табыстар мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, шаңырақтарыңызға баянды бақыт пен бақ — береке келсін! Жаңа жыл берекелі болсын! Жаңа жыл құтты болсын! Ізгі тілекпен: №61 «Сұлтан» бөбекжай ұжымы

Толығырақ

25.12.- 29.12.2023ж. аралығында №61 «Сұлтан» бөбекжайында ортаңғы, ересек, мектепалды топтарында «Қош келдің, Жаңа жыл!» ертеңгіліктері өткізілді. Мақсаты: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау. Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту. Жаңа жылдық көңіл күй сыйлау. Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар келіп балалардың […]

Толығырақ

№61 «Сұлтан» бөбекжайында қыс мезгіліне орай, балалар мен ата-аналар бірігіп жасаған «Қыс қызығы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Бөбекжай мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балалардың қызығушылықтарын арттыру, балалар мен ата-аналардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Көрмеге қатысқан барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.

Толығырақ

Ағымдағы жылдың 06 ақпанында Ақтау қаласы бойынша «Оқу — әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының сырттай қалалық кезеңі өтті. Бөбекжай әдіскері Жулдызбаева А.А. «Шығармашыл толқын» бағыты бойынша қатысып жүлделі І орынды иеленді. Құттықтаймыз!

Толығырақ