Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

27.02.2024ж. Қалалық мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» қолдан жасалған бүйымдар сырттай байқауы өтті. Бөбекжайымыздың №11 «Қызғалдақ» мад тобының тәрбиеленушісі Қойлыбай Мирас және әкесі Мамбетов Мақсат Қойлыбаевич қатысты. Тәрбиешісі: Қансұлтанова Нұржамал Хидирқожаевна

Толығырақ

22.02.2024ж. Қалалық мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай» ұлттық ойындар сырттай байқауына №9 «Күншуақ», №10 «Ақбұлақ мад топтарының бүлдіршіндері және тәрбиеші Жанабаева Құралай Абылаевна қатысты.

Толығырақ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен 2024жылдың 20 ақпан күні «Анам, әжем және мен» атты сырттай байқауы өткізілді. Байқауға №61 «Сұлтан» бөбекжайының №6 «Ақжелкен» ересек тобының тәрбиеленушісі Жайлиғара Амина анасымен, әжесімен қатысып, «Үздік ұйымдастырылған шара» номинациясымен марапатталды. Тәрбиешісі: Олжабай Гүлнұр Амантайқызы Құттықтаймыз!

Толығырақ

20.02.2024ж. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің  «Оқу -әдістемелік орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен өткізілген «Мен зерттеушімін» қалалық мектепке дейінгі жастағы балалар байқауына №11 «Қызғалдақ» мад тобының тәрбиеленушілері және тәрбиеші Алданова Разия Жұмақожақызы қатысты.

Толығырақ

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу әдістемелік орталығы» КММ-ның ұйыдастыруымен 2024 жылдың ақпан айының15 жұлдызында №42 «Түймедақ» бөбекжай базасында «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бойынша балабақшаларды аттестациядан өткізу өлшемшарттары» тақырыбында әдістемелік дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде №61 «Сұлтан» бөбекжайы директоры Т.Қ.Балмагамбетова «Мемлекеттік аттестаттаудағы құрылтайшы құжаттар» тақырыбында ақпарат беріп, іс-тәжірибесімен бөлісті.

Толығырақ

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен 2024 жылдың 9 ақпан күні, №56 «Жұлдыз» бөбекжайында «Жас тәрбиешілер дебаттық қозғалысы» тақырыбында жас мамандар арасында облыстық пікірсайыс, дебат өтті. №61 «Сұлтан» бөбекжай психологы Ж.Батырбаева «Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті білім беру» тақырыбында  пікірсайыс турниріне қатысып, үздік ойын көрсеткені үшін дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!

Толығырақ

№61 «Сұлтан» бөбекжайында «Біртұтас тәрбие» бағдарлама аясында әкелер клубы құрылды. Бөбекжай мен отбасы арасындағы байланыстарды жүйелі жолға қойып, ынтымақтастықты, сабақтастықты нығайту, отбасы құндылығын насихаттау, отбасындағы әкенің ролі, әке тәрбиесінің маңыздылығын дәріптеу, ата-ана мен бөбекжай арасындағы серіктестікті орнату, сенімді қарым-қатынасты дамыту мақсатында ақпан айының 7-күні «Әке асқар тау» тақырыбында тәрбиеленушілердің әкелерімен дөңгелек үстел өткізілді. Жүргізілген дөңгелек […]

Толығырақ

Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №61“Сұлтан”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 29 шағын аудан 213 ғимарат. Электронды пошта: detskisad_sultan_61@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 30-55-65, 30-55-67. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 […]

Толығырақ

№61 «Сұлтан» бөбекжайында, балаларды ерте дамыту институты 2023-2024 оқу жылдарындағы » Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жоспары бойынша, «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру мақсатында, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды білуге арналған «Мақал сөздің — мәйегі» атты мақал-мәтелдер сайысы өтті. Мақсаты: Мақал түрлерімен таныстыру, ата бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы […]

Толығырақ

29.01.2024ж. Бөбекжайымызда «Қызықты дидактикалық ойындар» көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: педагогтердің белсенділігіне қозғау салатын ақпараттық орта қалыптастыру, әдістемелік қызметте жаңашылдықты анықтау, әріптестік тәжірибе алмасу. Дидактикалық ойындардың мазмұны мен сапасы заманауи талапқа, эстетикалық талапқа сай жасалған. Оқу іс-әрекеттерінде жаңа тақырыпты игеруге мүмкіндік беретін ең қажеттісі де осы дидактикалық ойындар. Әр оқу іс-әрекетінің ерекшелігіне қарай жасалған дидактикалық ойындар […]

Толығырақ