Жаңалықтар

«Наурызнама» онкүндігіне сәйкес, 19 наурыз — Жаңару күні болып белгіленді. Бұл күні көктемгі көшеттер, ағаштар отырғызу жасалады. Көктем -табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Ұлық мейрам- Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарын білдіреді. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Бүгінгі «Жаңару күні» бөбекжайымызды жасыл желекке бөлеуге бөбекжай ата-аналары мен бөбекжай қызметкерлері өз үлестерін […]

18 наурыз — Ұлттық киім күні. Қазақстандағы «Наурызнама» онкүндігінің аясында ұлтымыздың құндылықтарын бірге дәріптеп, ұлттық қазынамыздың қадіріне жете білейік! Ұлттық нақышта киініп жүру, оны заманауи сән үлгісіне айналдыру, ата-баба ғұрыпын дәріптеу өз қолымызда екенін ұмытпайық. Салт -дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, болашақ жас ұрпаққа үлгі етейік. #Наурызнама #Біртұтас_тәрбие #наурызонкүндігі #маңғыстауоблысыбілімбасқармасы #оқуәдістемелікорталығы #ақтаубілімбөлімі #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау

18.03.2024ж. Наурыз мерекесіне орай, бөбекжайымызда топтар арасында «Асық алтын қазынам» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға әр топтан екі баладан шығып, жиналған асықтарын балабақша қоржынына салды. Барлық топтан 500дей асық жиналды. Бүлдіршіндер ән айтып, би билеп акция көңілді аяқталды. Акцияға белсене қатысқан ата-аналарға ерекше алғыс айтамыз. #Наурызнама #Біртұтас_тәрбие #маңғыстауоблысыблімбасқармасы #оқуәдістемелікорталығы #қалалықбілімбөлімі #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау

Ағымдағы жылдың наурыз айының 15 жұлдызы «Қайырымдылық күні» қарсаңында, №61 «Сұлтан» бөбекжай ұжымы және ата-аналары қаламыздың көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына азық- түлік себетін табыстады. Темірбай Інжу Азидоллақызың Туркия еліне емделуіне қолдау білдірілді. Інжу қызымыздың көрер қызығы көп болсын. Ғұмырлы болсын. Тез сауығып отбасына аман-есен оралуын тілейміз! Жақсылық жасауда ат салысқан барлық жандарға алғыс айтамыз! […]

Наурыз айының 14-15 күндері барлық топтарда Амал мерекесіне арналған «Амал- татулық пен бірлік мерекесі» тақырыбында ертеңгіліктер өтті.

14.03.2024ж. Қалалық «Шынығамыз бәріміз» атты дене шынықтыру педагогтеріне арналған спорттық ойындар байқауына №61 Сұлтан» бөбекжайының дене шынықтыру маманы Казиева Маншук Алибаевна қатысты. №9 «Күншуақ» мад тобының ұйымдастырылған іс-әрекеті Тақырыбы: «Шынықсаң — шымыр боларсың»

Бүгін 14 наурыз күні №61 «Сұлтан» бөбекжай ұжымы дәстүрлі түрде Амал мерекесін үлкен қуанышпен қарсы алды. Бөбекжай қызметкерлері күмбірлеген күймен, ақ дастархан, ыссы бауырсақпен бөбекжай тәрбиеленушілері мен ата-аналарды қарсы алды. Баршаңызды Амал мерекесімен құттықтаймыз! Жұртымыз тыныш, еліміз аман, аспанымыз ашық болсын! Жыл мерекелі де берекелі болсын!

4.03-7.03.2024ж. аралығында №61 «Сұлтан» бөбекжайында барлық топтарда «Халықаралық әйелдер мерекесіне орай» «Аналар — асыл жандар!» атты мерекелік ертеңгіліктер өтті. Балалар қонаққа келген аналары мен әжелеріне тақпақ-өлеңдер айтып, ән салып, би билеп қуантты. Ертеңгіліктер өте жақсы өтті.

2024жылдың 20 ақпан күні «№61 «Сұлтан» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 ж. №432 […]

№8 «Айгөлек» ересек топ тәрбиеленушілері және ата-аналары Алғыс айту күніне арналған «Барлығына рақмет» видеоролигін түсіріп, челленджге қатысты. Тәрбиешісі: Юсупова Менсулу Атабаевна Халықаралық алғыс айту күні құтты болсын! #Барлығынарақмет @doshkola_kz