Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

2024 жылдың 27 наурыз күні №61 «Сұлтан» бөбекжайында педагогикалық жиналыс ұйымдастырылды. Бөбекжай әдіскері А.А.Жулдызбаева Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына енгізілген 2024 жылғы өзгертулер мен толықтырулар туралы ұжымға таныстырды. #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау

Толығырақ

2024 жылдың наурыз айында №61 «Сұлтан» бөбекжай ұжымы сенбілік ұйымдастырды. Бөбекжай ауласын қоқыстардан тазалау, ағаштардың түптерін қопсыту, ағаш отырғызу, ақтау жұмыстары жүргізілді. Сенбілік табиғатқа деген оң көзқарасты қалыптастыруға және бөбекжай ауласының жағдайын жақсартуға бағытталған. #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау

Толығырақ

Хабарландыру! Құрметті ата-аналар! Бөбекжайымызда арнайы сіздер үшін отбасылық және қоғамдық тәрбиенің сабақтастығы мен бірлігін қамтамасыз ету, ата-аналарға баламен өзара психологиялық педагогикалық қарым -қатынастың түрлері мен әдістерін, мазмұнын таңдау тиімділігін қамтамасыз етуде психологиялық -педагогикалық көмек көрсету, мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балалардың тұлғалық жан-жақты дамуын қолдау жасау мақсатында консультативтік пункт бар екендігін және сіздердің сұрақтарыңызға арнайы мамандар […]

Толығырақ

Ағымдағы жылдың 27 наурызында,№61 «Сұлтан» бөбекжайында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру мақсатында, Ақтау қаласының жол картасының іс-шаралар жоспары аясында, жалпы білім беретін №28 орта мектептің педагогтерімен бірігіп кездесу, «Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сабақтастық мақсаты: екі буын арасында тығыз байланыс жасай отырып, баланы жүйелі сатылы дамыту. Мектепке дейінгі […]

Толығырақ

Мектепке дейінгі ұйымдар арасында мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен Алғыс айту күніне арналған «Барлығына рақмет» челленджіне №8 «Айгөлек» ересек топ тәрбиешісі Юсупова Менсулу Атабаевна тәрбиеленушілерімен және ата-аналарымен қатысып Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз! @doshkola_kz

Толығырақ

Наурыз айының 26 күні №61 «Сұлтан» бөбекжай әдіскері А.А.Жулдызбаева ұжымға педагогикалық жиналыс ұйымдастырып, «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының жол картасының жобасымен таныстыру тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналыс барысында жол картасының іс-шаралар жоспарымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау

Толығырақ

Наурызнаманың онкүндігіне орай, 20 наурыз-ұлттық спорт күні аясында бөбекжайымызда «Асыл мұра» Әке мен бала арасында ұлттық ойындар сайысы өтті. Шара аясында, теңге ілу, асық ату, арқан тартыс, қол күрес, ләңгі тебу, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, соңында жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз! Сайысқа белсене қатысқан әкелерге алғыс білдіреміз! Дене шынықтыру мамандары: Казиева Маншук Алибаевна Айзақова Қалдыгүл Салмырзақызы #Наурызнама […]

Толығырақ

Бөбекжайымызда наурыз мерекесіне орай, бірлескен жұмыстар көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. «Ұлы даланың құндылықтары» көрмесі Ұлыстың Ұлы күні — 22 Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылды. Көрмеде балалар мен олардың ата-аналарының салған суреттері, қолөнер бұйымдары болды. Көрменің мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт […]

Толығырақ

Бөбекжайымызда наурыз айының 18,19,20-күндері, наурыз мерекелерін тойлауға арналған жоспарына сәйкес, ортаңғы, ересек, мектепалды топтарында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік ертеңгіліктер өтті. Мақсаты: Балаларға наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. #Наурызнама #Біртұтас_тәрбие #МаңғыстауБілімБасқармасы #оқуәдістемелікорталығы #қалалықбілімбөлімі #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау

Толығырақ

19.03.2024ж. Ұлыстың ұлы күні — 22 наурыз мерекесіне орай, бөбекжай қызметкерлері арасында қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Қош келдің, әз Наурыз» мерекелік шара өткізілді. Шарада бөбекжай қызметкерлері салт-дәстүрлерді көрсетіп, әртүрлі номинациялармен марапатталды. Сонымен қатар әжелер, келіндер, бұрымды қыздарымыз ұлттық киім сән үлгісін көрсетіп, «Дана әже», «Ибалы келін», «Бұрымды ару» «Көрермен көзайымы» номинацияларына ие болды. Наурыз […]

Толығырақ