Жаңалықтар

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі «Оқу әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауы өткізілді. Бөбекжайымыздың бейнелеу өнері маманы Садыбекова Майра Нұрланқызы қатысып, «Жаңашыл педагог» номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз!

Сәуір айының 20 күні №61 «Сұлтан» бөбекжайында «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында тазарту, көркейту, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Бөбекжай қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізіп, республикалық акцияның жүзеге асуына үлестерін қосуда. #тазақазақстан #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #оқуәдістемелікорталығы #қалалықбілімбөлімі #МаңғыстауАтырауБілім #МангыстауАтырауОбразование

2024жылдың сәуір айының 19 жұлдызында Ақтау қаласына қарасты мемлекеттік білім беру ұйымдары арасында волейболдан жарыс өтті. Спорттық шараға Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің, оқу-әдістемелік орталығының, мектеп және балабақша құрама командалары қатысты. №10 «Толқын», №17 «Күншуақ», №58 «Балауса», №29 бөбекжай, «Бәйтерек» және №61 «Сұлтан» бөбекжайларының басшыларынан құралған «Бірлік» тобы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! #жолкартасыақтау […]

2024жылдың 19 сәуір күні, №61 «Сұлтан» бөбекжай спортзалында, «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының жол картасы, «Біртұтас тәрбие» бағдарлама аясында құрылған әкелер клубының жұмыс жоспарына сәйкес әкелер мен балалары арасында «Әкем және мен» сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Сайыс алты кезеңнен тұрып, оған «Толқын», «Жұлдыз», «Толағай», «Жалын» топтары қатысты. Әр кезеңде топ […]

18.04.2024 жылы №61 «Сұлтан» бөбекжай базасында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру мақсатында, Ақтау қаласының жол картасы негізінде, ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп», №32 «Ақшағала» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК және №61 «Сұлтан» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК үштік одақ арасында әлеуметтік-серіктестік жұмыстарының жоспары бойынша, «Балабақша – мектеп – […]

Сәуір айының 16 күні №61 «Сұлтан» бөбекжайында балаларды рухани-адамгершілікке, көркемдік-эстетикалық тәрбиеге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында, «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының жол картасы жоспарына сай, барлық топтар арасында «Ертегілер елінде» тақырыбында сахналық қойылымдар ұйымдастырылып өткізілді. Балалар бұл сахналық көріністерді қоюға аса зор дайындықпен келгендерін көрсетті. Қойылым барысында №1 «Балапан» […]

Бүгін 13 сәуір күні №61 «Сұлтан» бөбекжай қызметкерлері тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығы аясында сенбілік шарасын өткізді. Сенбілікке бөбекжай қызметкерлері бір кісідей атсалысып, өздеріне бөлінген жерлерде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбі сайын өткізетін сенбіліктер — қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және бөбекжай ауласының жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде. #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #оқуәдістемелікорталығы #қалалықбілімбөлімі #МаңғыстауАтырауБілім […]

12 сәуір 2024ж. Бөбекжайымызда кіші топ, ортаңғы, ересек, мектепалды топтарында Ғарышкерлер күніне арналған тақырыптық оқу-іс әрекеттері өтті. Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі, ғарыш айлағы, ғарышкерлер туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіровтің ерлігі жайлы айта отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылықтарын арттыру. #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #Маңғыстауоблысыбілімбасқармасы #оқуәдістемелікорталығы #қалалықбілімбөлімі #МаңғыстауАтырауБілім #МангыстауАтырауОбразование

«Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының жол картасының жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып, консультациялық пункт жұмыс жоспарына сәйкес 12 сәуір күні ата-аналарға ұйымдастырылған «Ашық есік» күні өткізілді. Логопед маманы Батырбаева Жайна Болатқызы және педагог-психолог маманы Кумисбаева Нуржайна Сансызбаевна «Үй жағдайында баланың зейін, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту», «Балалардың ой-өрісін, […]

2024жылдың сәуір айының 12 күні бөбекжайымызда Ғарышкерлер күніне орай, «Ғарыш әлемі» атты балалардың ата-аналарымен бірлескен жұмысынан көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: 12 сәуір-Ғарыш күніне орай түсініктерін кеңейту. Ғарыштың таңғажайып сырларымен таныстыру. Ерекше әрі дара мамандықтардың бірі екенін ұғындыру. Ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын ояту. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Көрмеге белсене қатысқан ата-аналарымызға алғысымызды білдіреміз! #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #Маңғыстауоблысыбілімбасқармасы […]