Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, бөбекжайымыздың №9 «Күншуақ» мектепалды тобының тәрбиешісі Момынова Эльмира Дулатбековна ата-аналарға бала психологиялық тұрғыдан мектепке қалай дайын болу керектігі жөнінде кеңес берді. Кеңес барысында ата-аналарға арнайы сауалнама ұсынылып, сауалнама арқылы баланың мектепке дайындығы мен ата-ананың көзқарасы анықталды. Кездесу барысында бала бойындағы мектепке дайындық белгілері, зейін мен есте сақтау, логикалық ойлау қабілеті, […]

Толығырақ

«Отбасында баланы еңбекке баулу» Консультациялық пункттің жұмыс жоспары аясында №10 «Ақбұлақ» ересек тобының тәрбиешісі Әбилова Айдана Серікқызы ата-аналармен маңызды тақырыпта кеңес өткізіп, еркін әңгімелесу жүргізді. Кездесу барысында баланы еңбекке баулудың маңыздылығы, күнделікті тұрмыстағы қарапайым еңбек түрлері арқылы жауапкершілікке, тәртіпке және төзімділікке тәрбиелеу жолдары кеңінен талқыланды. Ата-аналар бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақша арасындағы өзара ынтымақтастықтың рөлі […]

Толығырақ

Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні №57 «Ақбота» бөбекжай базасында, «Аналар мектебі» жоспары бойынша «Тәрбие басы-отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге №6 «Ақжелкен» ересек тобының тәрбиеленушісі Жаңалыққызы Инабат және анасы Туметова Акпанар Кушербаевна қатысты. Шара барысында қатысушылар: «Тегімді менің сұрасаң?» таныстыру бөлімі арқылы өз ұрпақ сабақтастығына мән берді. «Аналар мектебінің» жұмысымен танысып, оның бала тәрбиесіндегі […]

Толығырақ

№1 «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Қалдыбай Инабат Азаматқызы, «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» қолдан жасалған бұйымдар байқауының республикалық кезеңінен жүлделі ІІ орын дипломмен марапатталды. Тәрбиешісі: Алхамова Анаргуль Нургабыловна Құттықтаймыз!

Толығырақ

Бөбекжайымыздың №1 «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Қалдыбай Инабат Азаматқызы, «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» қолдан жасалған бұйымдар байқауының облыстық кезеңінен жүлделі ІІ орынды иеленіп, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. Тәрбиешісі: Алхамова Анаргуль Нургабыловна Құттықтаймыз!

Толығырақ

22.05.2025 жылы «Оқушы орталығы» КММ базасында Маңғыстау облысы білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен өткен «BabySkills-2025» қалалық чемпионатының жабылу салтанаты өтті Шара барысында қатысушылардың еңбегі жоғары бағаланып, №61 «Сұлтан» бөбекжайының педагогтері арнайы дипломдармен марапатталды. Ал тәрбиеленушілер медаль және дипломдарға ие болып, өз жетістіктерімен қуантты. Бұл чемпионат балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, еңбекке баулуға […]

Толығырақ

2025 жылдың мамыр айының 22-23 күндері бөбекжайымыздың мектепалды топтарының бүлдіршіндеріне қоштасу ертеңгіліктері өтті. Мерекеге көптеген кейіпкерлер келіп, балалармен ойын ойнап, би билеп, ән шырқап, түрлі тапсырмаларды орындады. Кіші топ бүлдіршіндері келіп түлектерді құттықтап, тілектерін тіледі. Балалар қоштасу вальсін билеп, бөбекжай қызметкерлеріне алғыстарын айтты. Ата-аналар да өз тарапынан бөбекжай ұжымына жақсы тілектерін айтып, алғыс білдірді. №61 […]

Толығырақ

21.05.2025жылы «Оқушы орталығы» КММ базасында Маңғыстау облысы білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен мектепке дейінгі балалардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және болашақ мамандықтарға қызығушылығын арттыру мақсатында «BabySkills-2025» қалалық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Шараға №61 «Сұлтан» бөбекжайының педагогтері мен тәрбиеленушілері 6 құзыреттілік бойынша қатысты. 1. «Киім дизайнері» — Қажымұқан Айханым Мейрамбекқызы, […]

Толығырақ

Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні №61 «Сұлтан» бөбекжайының, №7 «Қарлығаш» мад, №11 «Қызғалдақ», №8 «Айгөлек», №9 «Күншуақ», мад топтарының бүлдіршіндері, мектепке деген қызығушылығын арттыру, болашақ оқу ортасына бейімдеу, мектепке психологиялық дайындықты қалыптастыру және оқу-білімге деген оң көзқарасты дамыту мақсатында, үлкен өмірге алғашқы қадам жасап, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектебіне саяхат жасады. Балалар […]

Толығырақ

2025 жылдың 13 мамыр мен 16 мамыр аралығында бөбекжайымыздың барлық топтарында оқу жылының қорытынды іс-әрекеттері өткізілуде. Мақсаты: балалардың жыл бойы меңгерген білім, білік және дағдыларын саралап, жетістіктерін көрсету, олардың шығармашылық қабілеттері мен жеке даму деңгейлерін бағалау. Қорытынды іс-әрекеттер қызықты, мазмұнды әрі балалардың белсенді қатысуымен өтті. Әр топ өз ерекшелігіне сай білім беру салаларын қамтыған жобалар, […]

Толығырақ