Жаңалықтар

21.06.2024ж. Жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Дене шынықтыру және спорт» апталығы аясында, «Көңілді эстафета» тақырыбында спорттық ойын-сауық шарасы өтті. Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. Ойын-сауық шарасы қызықты өтті. Балалар жақсы көңіл-күймен эстафеталық ойындар ойнап, шаттанды. #жазғысауықтыру […]

17.06-21.06.2024ж. аралығында, бөбекжайымызда жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру және спорт» апталығы өтті. Мақсаты: Балаларды салауатты өмір салтына баулу, спорттың әр түріне қызығушылықтарын ояту арқылы бүлдіршіндердің денсаулығын сақтау және нығайту. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Маусым айының 20 күні, бөбекжайымызда ересек топтар арасында, велосипед тебу тәртібін түсіндіру, дағдыларын жетілдіру, балалардың жолда жүру ережелері және велосипедпен […]

10.06-14.06.2024ж. аралығында, бөбекжайымызда жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық білімдерін кеңейту мақсатында «Экология» апталығы өтті. Апталықтың жоспарына сәйкес балалар нағыз экологтардың ролін ойнады-құм, топырақ, саз және сумен тәжірибе жасап, тәжірибелер жүргізді. Олар көптеген қызықты нәрселерді білді: құмның қасиеттері туралы, топырақтағы ауа туралы, саздың тығыздығы, судың мөлдір екенін, оны кез-келген түске бояуға […]

Жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Экология» апталығы аясында, экологиялық тәрбие бағыты бойынша «Табиғатты сақтаңдар» тақырыбындағы барлық топтардың қатысуымен қалдық материалдардан жасалған қолөнер және балалар суреттерінің көрмелері ұйымдастырылды. #жазғысауықтыру

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен №61 «Сұлтан» бөбекжай базасында «Мектепке дейінгі ұйымның музыкалық жетекшісінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында музыка жетекшілерінің біліктілік арттыру курсы өтті. Бөбежайымыздың музыка жетекшісі, педагог- зерттеуші: Г.О.Құлсариева курс тыңдаушыларына, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының музыка жетекшілеріне «Ғажайып әуен» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Курсқа […]

13.06.2024ж. №61 «Сұлтан» бөбекжайының жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Экология» апталығы аясында №11 «Қызғалдақ» ересек тобының тәрбиешісі Жалғасова Құндыз Женгисовна балалармен «Сиқырлы су» тақырыбында сумен іс-тәжірибе жасады. Мақсаты: Балаларды судың қасиетімен таныстыру. Қарапайым зерттеу әдістеріне тарту. Жансыз табиғаттың қасиеттерін зерттеу. Баланың сумен эксперимент жасау процесінде танымдық қызығушылығын ояту. Алғашқы тәжірибе жасау дағдыларын дамыту. Қоршаған ортаны […]

8.07-12.07.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру -шынықтыру шараларындағы жоспары бойынша «Ұлттық ойындар» апталығы өткізіліп, апталықтың қорытындысы ретінде барлық топ балаларының қатысуымен «Ұлттық ойындар әлемінде» тақырыбында ойын-сауық шарасы өтті. Мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын, икемділіктерін арттыру. Бір-біріне деген құрмет, жеңуге деген ұмтылысты дамыту . Ой -өрісін дамытып, үйлесімін жетілдіру. Балалардың қимылын, дене белсенділігін, коммуникативтік, танымдық дағдыларын дамытуда […]

10.06-14.06.2024ж. аралығында, бөбекжайымызда жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес «Экология» апталығы өтілуде. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық білімдерін кеңейтуге ықпал ету. Жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу. №8 «Айгөлек» ересек тобының тәрбиеленушілері маусым айының 12 күні, «Ботаникалық баққа» саяхат жасады. Балалар саяхат барысында гүлдердің […]

12.06.2024ж. №61 «Сұлтан» бөбекжайының жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Экология» апталығы аясында №8 «Айгөлек» ересек тобының тәрбиешісі Юсупова Менсулу Атабаевна балалармен құстарға ұя жасап, «Табиғатты аялайық» тақырыбында түрлі суреттерді бояу арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мақсаты: Балалардың құстар туралы білімдерін бекіту. Құстарға қамқор болуға, оларды аялауға үйрету. Балалардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, […]

№61 «Сұлтан» бөбекжай қызметкерлері 2024 жылдың 2 маусым күні дәстүрлі туған жердің тамаша табиғаты мен көрікті, киелі жерлерімен танысу мақсатында Ақтау қаласынан 90 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауында орналасқан табиғат ғажайыптарының бірі — Саура шатқалына саяхатқа шықты. Табиғат аясында көңілді ойындар ойнап, ән айтып, би билеп саяхатта өткізген әр сәтіміз есте қаларлықтай керемет, қызықты өтті. […]