Жаңалықтар

Бөбекжайымыздың жазғы сауықтыру-шынықтыру шаралары жоспарына сәйкес, 19 шілде күні «Су атасы Сүлеймен қонақта» атты ойын-сауық өтті. Бөбекжай ауласы мерекеге сай безендірілді. Мерекеде әр-түрлі эстафеталық ойындар, су мен ойын, сабынды көпіршіктермен ойындар ойнатылды, балалардың барлығы шараға белсенді қатысты. Мерекеге көңілді балықтар мен су асты патшалығының тұрғындары, Сүлеймен ата келіп, балалармен ән айтып, би биледі. Балаларға мереке […]

15.07-19.07.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру — шынықтыру шаралары жоспарындағы кезекті іс-әрекет «Теңіз тіршілігі», «Сумен ойындар» апталығы өткізілді. Мақсаты: Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың қимыл-қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Су асты әлемі туралы білімдерін тереңдету. «Теңіз тіршілігі», «Сумен ойындар» апталығы барысында тәрбиешілер сумен түрлі қимылды ойындар, дәстүрден тыс сурет салу […]

«Теңіз тіршілігі», «Сумен ойындар» апталығы аясында, бөбекжай тәрбиешілері, бүлдіршіндер және ата-аналарымен бірлескен «Теңіздегі тіршілік» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Су асты әлемінің тіршілік иелерімен таныстыру. Тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге, оларға қамқор болуға баулу. Балықтардың дене мүшелері, тіршілігі және іс-әрекетімен таныстыру. Балалар қызығушылықпен көрмеге қатысты. Көрмеге қатысқан ата-аналарымызға алғыс білдіреміз!

8.07-12.07.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру -шынықтыру шараларындағы жоспары бойынша «Ұлттық ойындар» апталығы өткізіліп, апталықтың қорытындысы ретінде барлық топ балаларының қатысуымен «Ұлттық ойындар әлемінде» тақырыбында ойын-сауық шарасы өтті. Мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын, икемділіктерін арттыру. Бір-біріне деген құрмет, жеңуге деген ұмтылысты дамыту . Ой -өрісін дамытып, үйлесімін жетілдіру. Балалардың қимылын, дене белсенділігін, коммуникативтік, танымдық дағдыларын дамытуда […]

Жазғы сауықтыру — шынықтыру шаралары жоспарындағы кезекті іс-әрекет «Ұлттық ойындар» апталығы. Мақсаты: Балалардың денсаулығын шынықтыра отырып, қимыл әрекеттерін жетілдіру. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Бір — біріне деген құрмет, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. 8.07.-12.07.2024ж. аралығында барлық топтарда, тәрбиеленушілер «Ұлттық ойындар» ойындарын ойнады. Балаларға ұлттық ойындар ойнаған қатты ұнады, қызығушылықпен қатысып, ептіліктерін […]

Кең болсын Қазағымның керегесі, Кетпесін Алла берген берекесі. Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын, Астана мерекесі! Елорда күніне орай бөбекжайымызда 5 маусым күні «Астана — бас қала!» тақырыбында мерекелік шара өтті. Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы — Астана туралы мәлімет беру. Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой-өрісін, қимыл белсенділігін арттыру. Отан, туған жерге […]

Астана күніне орай ересек топтарда «Ел жүрегі — Астана» атты тақырыптық іс-әрекеттер өткізілді. Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы — Астана туралы мәлімет беру. Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой — өрісін, қимылын ұштау. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

24.06-28.06.2024ж аралығында балалардың жазғы демалысын әсерлі өткізуіне танымдық, жан-жақты, жағымды көңіл-күй мен ертегілер әлеміне, театрға, қызығушылығын дамыту мақсатында «Ертегілер еліне саяхат» апталығы өтті. Барлық топтарда қуыршақ театрының қойылымдары (саусақ театры, көлеңке театры, үстел-үсті театры, маска театры) түрлі театр қойылымдары ұйымдастырылды. 27 маусым күні бөбекжай ауласында, таза ауада, тәрбиешілер «Үйшік» ертегісінің қойылымын көрсетіп, балаларға ерекше көңіл-күй […]

№61 «Сұлтан» бөбекжайының жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Ертегілер еліне саяхат» апталығы аясында 27 маусым күні тәрбиешілер «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлерінің рөлін сомдап, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. #жазғысауықтыру #жолкартасыақтау #Ұлттыққұндылықтар #Біртұтастәрбиебағдарламасы #ұлттықбаяндамамаңғыстау #оқуәдістемелікорталығы #Ақтауқалалықбілімбөлімі

2024 жылдың маусым айының 24 күні №61 «Сұлтан» бөбекжайының ұйымдастыруымен, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты курс тыңдаушыларына «Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытудағы арт-педагогикалық технологиялар» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған көшпелі тәжірибелік сабақ өткізді. Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда балалардың білім сапасын арттыру, […]