Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Бөбекжайымызда «Кел шырқайық, бәріміз» апталығы аясында бөбекжайішілік «Ән шырқайық бәріміз» атты челленджі ұйымдастырылды. Бөбекжай тәрбиешілері және бүлдіршіндері топ атауларымен бір-біріне челлендж жолдады.

Толығырақ

№61 «Сұлтан» бөбекжайында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылуда Ауызбіршілікпен ұйымдастырылатын тазалық шарасына бөбекжай ұжымы бір кісідей ат салысып келеді. Эко акция шеңберінде қызметкерлер бөбекжай ауласын қоқыстан тазарту, көгалдандыру іс-шарасын орындап, ағаштарды бұтақтардан тазартып, түбін әктеді. Арамшөптерді жұлып, тал суарды. Шара «Таза Қазақстан» эко акциясы аясында ұйымдастырылды. #ТазаҚазақстан #оқуәдістемелікорталығы #Ақтауқалалықбілімбөлімі

Толығырақ

Жазғы сауықтыру -шынықтыру шаралары жоспарына сәйкес, «Кел шырқайық, бәріміз» апталығы бойынша «Би – мәдениет биігі» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараның сыйлы қонағы болған, «Райхан» би тобының жетекшісі Сапагулова Арайлым Көмекжанқызы шәкірттерімен кездесіп, сұхбат жүргізді. Бүлдіршіндер «Бипыл», «Батырлар», «Гүлдер» биімен ортаға шығып, би билеп өнерлерін көрсетті. Шара соңында бөбекжай ұжымы Арайлым Көмекжанқызының шығармашылығына ерекше табыс […]

Толығырақ

Бөбекжайымызда 29.07-02.08.2024ж. аралығында «Кел шырқайық, бәріміз» апталығының жоспарына сәйкес, қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау, балалардың қасиетті аспапқа деген құлшынысын ояту мақсатында «Қазағымның қазынасы-домбыра» домбыра-пати ұйымдастырылды. Шараға бөбекжайымыздың тәрбиеленушілері атасымен, ағасымен, апасымен қатысып, «Есір “Ақжарма”, «Балбырауын», «Ер тұран» […]

Толығырақ

Балаларды Ерте Дамыту Институтының ұйымдастыруымен өткен, мектепке дейінгі ұйымдар арасында жазғы сауықтыру кезеңіне сәйкес: «Жүгіреміз, зырлаймыз», «Менің көңілді добым» тақыпыптарында шынықтыру шараларына, бөбекжайымыздың дене шынықтыру маманы Казиева М.А. және тәрбиеші Момынова Э.Д. тәрбиеленушілерімен қатысты. Мақсаты: Салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру  және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру. Доппен спорттық ойындарға бейімдеу. […]

Толығырақ

29.07 — 02.08.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру — шынықтыру шаралары жоспарына сәйкес, «Кел шырқайық, бәріміз» апталығы өтті. Апталықтың жоспарына сәйкес №3 «Балбөбек» кіші тобында «Қазақтың ұлттық аспаптары» атты тақырыптық іс-әрекеті өткізілді. Мақсаты: Балаларды музыкалық аспаптар туралы түсініктерін кеңейту, ұлттық аспаптардың қадір қасиетін бағалау, танымы мен талғамын, ой-өрісін молайту. Тәрбиеші: Жұбандықова Ә.Н. #жазғысауықтыру #жолкартасыақтау #Ұлттыққұндылықтар #Біртұтастәрбиебағдарламасы #ұлттықбаяндамамаңғыстау […]

Толығырақ

Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №61“Сұлтан”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 29 шағын аудан 213 ғимарат. Электронды пошта: detskisad_sultan_61@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 30-55-65, 30-55-67. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 […]

Толығырақ

22.07-26.07.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру — шынықтыру шараларындағы жоспары бойынша «Бағдаршам», «Жол ережесін сақтайық» атты тақырыптық іс-әрекеттері кіші, ортаңғы, ересек топтарда өткізіліп, апталықтың қорытындысы ретінде барлық топ балаларының қатысуымен «Балалар және жол» тақырыбында ойын-сауық шарасы өтті. Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, оны пайдалана білуге және есте сақтауға үйрету. Жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Жолда […]

Толығырақ

22.07.-26.07.2024ж.аралығында жазғы сауықтыру -шынықтыру шаралары жоспарындағы кезекті іс-әрекет «Балалар және жол» апталығы. Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережелерін меңгерту, жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу. Кіші топ, ортаңғы, ересек топтарында апталықтың тақырыбына сай тақырыптық іс-әрекеттер өтті. Балалармен жол жүру ережелері туралы тақырыптық әңгімелер өткізілді, […]

Толығырақ

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№61 «Сұлтан» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК «Жүгіреміз, зырлаймыз» тақырыбында жазғы сауықтыру -шынықтыру шаралары. Мақсаты: Салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану,өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру. Дене шынықтыру маманы: Казиева Маншук Алибаевна @doshkola_kz

Толығырақ