Жаңалықтар

30.05.2025ж. бөбекжайымызда 1 Маусым – Балаларды қорғау күніне орай кіші және ортаңғы топ тәрбиеленушілеріне арналған жарқын, көңілді мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: балалардың көңіл күйін көтеру, оларға мерекелік атмосфера сыйлау, ұйымшылдық пен достыққа баулу, әр баланың өзін еркін әрі бақытты сезінуіне жағдай жасау. Сонымен қатар, бүлдіршіндердің өнерін, белсенділігін дамыту, мерекелік мәдениетке баулу. Бұл ерекше күн – […]

2025 жылдың 30 мамыр күні бөбекжайымызда №5 педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің тақырыбы: «2024–2025 оқу жылының қорытынды нәтижелері». 🔹Кеңес барысында ұжымдық ынтымақтастықты нығайту мақсатында психолог Нұрмұханбетова Ақмарал Төлепқызы жүргізген «Бір ұжымбыз, бір мақсатта бірлестік» атты мотивациялық тренинг ұйымдастырылды. 🔹Әр жас ерекшелік топтарының тәрбиешілері – кіші, ортаңғы, ересек және мектепалды топ педагогтері – оқу жылындағы жетістіктері мен […]

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай бөбекжайымызда ерекше көңілді, шығармашылыққа толы «Мен бақытты баламын» атты асфальтқа сурет салу мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында балалар түрлі-түсті борлармен асфальт бетіне күн сәулесі, гүлдер, отбасын, табиғатты, достық пен шаттықты бейнелеп, өз қиялындағы бақытты әлемін суретке түсірді. Балалардың әр туындысы – олардың жүрегіндегі таза сезім мен бала арманының […]

Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің ұйымдастыруымен, композитор, әнші, халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтың 85 жылдығына орай, ІІ қалалық «Ақтау жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық фестиваль-байқауы өтті. Байқауға №61 «Сұлтан» бөбекжайының №8 «Айгөлек» мад тобының тәрбиеленушілері 🔹️ Мырзабай Аяулым Күмісқалиқызы 🔹️ Қыдырбек Айзере Серікболсынқызы 🔹️ Еркінұлы Әлихан 🔹️ Талғат Шахмардан Наурызбекұлы қатысып, «Алғыс хат» дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз! #Біртұтастәрбиебағдарламасы […]

29.05.2025ж. №10 «Ақбұлақ» ересек тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралар кестесіне сәйкес тәрбиеші Әбилова Айдана Серікқызы балалармен маңызды әрі тәрбиелік мәні зор тақырыпта – «Қоғамдық орындардағы және көліктегі мінез-құлық қағидалары» бойынша танымдық іс-әрекет ұйымдастырды. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында тәрбиеленушілер қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс ұстау, үлкендерге құрмет көрсету, көлік ішінде ережелерді сақтау, қауіпсіздік талаптарын білу секілді маңызды тәртіп ережелерімен […]

«Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында, балалардың тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін меңгеруіне ықпал ету мақсатында №7 «Қарлығаш» мад тобының тәрбиешісі Жанабаева Куралай Абылаевна «Үйдегі қауіпті заттар» тақырыбында танымдық іс-әрекет ұйымдастырды. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар үй жағдайында кездесетін электр құралдары, өткір және сынғыш заттар, дәрі-дәрмектер, ыстық заттар сынды түрлі қауіпті дүниелермен танысты. Қауіп төндіруі мүмкін заттарға жақындамау, оларды өздігінен […]

«Жеке қауіпсіздік» іс-шаралар кестесіне сәйкес, балалардың тәртіп пен тәрбиеге деген көзқарасын қалыптастыру, бірлескен жұмыс барысындағы мәдениетті мінез-құлыққа баулу мақсатында №9 «Күншуақ» мад тобында тәрбиеші Момынова Эльмира Дулатбековна «Ұйымдастырылған іс-әрекет кезіндегі мінез-құлық қағидалары» тақырыбында танымдық іс-әрекет өткізді. Балаларға ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде тыңдау мәдениеті, сөйлеу әдебі, қол көтеріп жауап беру, досына кедергі жасамау, тәртіп сақтаудың маңыздылығы жайында […]

№5 «Түймедақ» ересек тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралар кестесіне сәйкес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды мәдениетті, тәртіпті болуға тәрбиелеу мақсатында тәрбиеші Сапарғалиева Мейрамгул Ахангалиевна «Ойын алаңдарындағы мінез-құлық қағидалары» тақырыбында танымдық іс-әрекет ұйымдастырды. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балаларға ойын алаңында өзін-өзі ұстау ережелері – бір-біріне кедергі жасамау, ойыншықтарды бөлісе білу, кезек күту, қауіпсіздік шараларын сақтау секілді маңызды […]

«Мектепке дейінгі бала тәрбиесіне арналған ұлттық ойындар» Консультациялық пункттің жұмыс жоспары аясында дене тәрбиесі нұсқаушысы Боранбаева Акку Есмурзаевна ата-аналарға ұлттық тәрбие құндылықтарын насихаттау мақсатында кеңес өткізді. Кездесу барысында мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ұлттық ойындардың маңыздылығы, олардың баланың дене дамуына, ой-санасына және мінез-құлқына оң әсері туралы айтылды. Сонымен қатар, ата-аналарға дәстүрлі ұлттық ойын түрлері таныстырылып, […]

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу әдістемелік орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» байқауы өтті. Байқауға бөбекжайымыздың қазақ тілі маманы Туметова Акпанар Кушербаевна қатысып, «Шебер педагог» номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз! #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлім