Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

13.11.2024ж. «Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, спортты дамыту және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында, мемлекеттік қызметкерлер арасында флорбол (зал хоккейі) жарысы өтті. Жарысқа Ақтау қаласының Мемлекеттік қызметкерлерінен құралған 6 команда қатысты. «Балабақша» құрама командасының атынан үздік ойын ойнап көрсеткен №61 «Сұлтан» бөбекжайының тәрбиешілері Жанабаева Куралай Абылаевна және Олжабай Гүлнұр […]

Толығырақ

28.11.2024ж. №61 «Сұлтан» бөбекжайында №2 Педагогикалық кеңесі өткізілді. Тақырыбы: «Бала  тәрбиесінде ұлттық  құндылықтарды  пайдалану» Педагогикалық кеңесте келесі мәселелер қаралды: ● Күзгі қорытынды іс-әрекеттерді талдау. ● «Бала  тәрбиесінде  халықтық  ұстанымдар» тақырыбында баяндама ● «Ата – анамен  бірлескен  жұмыс —  бала  тәрбиесінің  басты  құралы»  дөңгелек үстел ● «Ою – өрнек  сырлары» шығармашылық шеберхана

Толығырақ

Құрметті ата-аналар! Бөбекжайымызда арнайы сіздер үшін отбасылық және қоғамдық тәрбиенің сабақтастығы мен бірлігін қамтамасыз ету, ата-аналарға баламен өзара психологиялық педагогикалық қарым -қатынастың түрлері мен әдістерін, мазмұнын таңдау тиімділігін қамтамасыз етуде психологиялық -педагогикалық көмек көрсету, мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балалардың тұлғалық жан-жақты дамуын қолдау жасау мақсатында консультативтік пункт бар екендігін және сіздердің сұрақтарыңызға арнайы мамандар (әдіскер, […]

Толығырақ

«Өнеріміз саған — Қазақстан!» байқауының қалалық кезеңінде «Мәнерлеп оқу» жанры бойынша бөбекжайымыздың №10 «Ақбұлақ» ересек тобының тәрбиеленушісі Аязхан Хиуаз қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді. Тірбиешісі: Мұғазенова Айдана Еркінқызы Құттықтаймыз!

Толығырақ

Бөбекжайдың жылдық жоспарына сәйкес 18.11- 22.11.2024 аралығында педагогтер арасында бірінші жарты жылдықтағы күзгі қорытынды іс- әрекеттері өтті. Мақсаты: Балалардың бір тоқсан бойы алған білімдерін бекіту, қорытындылау. Тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Бір-біріне қамқор болуға, аялауға, мейірімділікке тәрбиелеу, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

Толығырақ

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында,15 қараша ұлттық валюта-теңге күніне орай, «Теңге балалар көзімен» тақырыбында сурет салу шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты: Егемен елдің айшықты таңбасы ретінде белгіленген төл теңгенің тарихын өскелең ұрпаққа түсіндіру. Шараға мектепалды, ересек топтарының тәрбиеленушілері аналарымен қатысты. Сурет салу шарасына белсене қатысқан ата-аналарымызға алғыс айтамыз! Төл теңгеміз — тәуелсіздіктің нышанын айқындап, еліміздің төл мерекесіне айнала […]

Толығырақ

Ағымдағы жылдың 13 қараша күні №61 «Сұлтан» бөбекжайында Маңғыстау облысы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған Республикалық біліктілікті арттыру курсының «Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың заманауи формалары» тақырыбында әдістемелік семинар-практикум өтті. Бөбекжай директоры Балмагамбетова Тыныштык Калниязовна педагогтерді семинардың бағдарламасымен таныстырып, педагогтерге сәттілік тіледі. Семинар барысында тәрбиеші Жалгасова Құндыз Женгисовна «Жақсы көңіл-күй жан азығы» тақырыбында педагогтермен тренинг өткізді. Бөбекжайымыздың […]

Толығырақ

№61 «Сұлтан» бөбекжайында 5 қараша күні, Біртұтас тәрбие бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Әкем, анам және мен» атты отбасылық жарыс өтті. Мақсаты: Отбасы мен бөбекжай ынтымақтастығын нығайту, балаларды шапшандыққа, ептілікке тәрбиелеу. Отбасылық құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Балалар мен ата — аналардың арасындағы қарым — қатынасты жақсарту, ата — аналарды балалардың […]

Толығырақ

Республикалық «Кел, балалар, оқылық» атты онлайн сайысына шәкірт дайындап, балаларды білім мен өнерге деген талпыныстары мен қызығушылығын оята білген, «Өрлеу Қазақстан» қоғамдық қорының шешімімен білім беру саласының дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін «Үздік педагог» төсбелгісімен және Алғыс хатымен тәрбиешіміз Дәуітқызы Арайлым марапатталды. Құттықтаймыз!

Толығырақ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ және «Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, спортты дамыту және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері арасында флорбол жарысы (зал хоккейі) өтті. Жарысқа бөбекжайымыздың дене шынықтыру маманы Казиева М.А. командасымен қатысты. Флорбол жарысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, бөбекжайымыздың командасы […]

Толығырақ