Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

«Кітапtime» оқу апталығы аясында №7 «Қарлығаш» мектепалды тобының тәрбиеленушілеріне «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында сөйлейтін кітапхана ретінде промо-ролик көрсетілді. Балалар қызығушылықпен тыңдап, тәрбиешінің сұрақтарына жауап берді. Бұл балалардың кітапқа деген сүйіспеншіліктерін біршама арттырды. Тәрбиеші: Жанабаева К.А.

Толығырақ

«Кітапtime» оқу апталығы аясында №3 «Балбөбек» кіші тобының балаларына «Күш-білімде, білім-кітапта» тақырыбында қимылды ойын өткізілді. Балалар кітаптарды пайдаланып, тәрбиешінің көмегімен флешмоб биледі. Кітаптың маңызы, ондағы сарқылмас білім жайлы ақпарат алып, кітапқа деген алғаш қызығушылықтарын оятты. Тәрбиеші: Өтегенқызы Г.

Толығырақ

«Кітапtime» оқу апталығының жоспарына сәйкес №2 «Құлыншақ» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері «Мен оқығанды жақсы көремін» тақырыбында қағаздан кітапқа арналған бетбелгі жасауды үйренді. Балалар өздерінің жасап отырған бетбелгілерін, оқып отырған кітаптың парағын тез тауып алу үшін қажет екенін түсінді және қызығушылықпен жасады. Тәрбиеші: Турарбекова Ф.Т.

Толығырақ

09.12-13.12.2024ж. аралығында №61 «Сұлтан» бөбекжайында, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бағытында «Кітапtime» оқу апталығы өтті. Мақсаты: Кітаптың, одан алатын білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру, оқуға, білімге деген құштарлықтарын ояту. Кітаптың шығу тарихымен таныстыру, неден, қалай жасалатынын ұғындыру, кітапты таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. «Кітапtime» оқу апталығының жоспары бойынша №5 «Түймедақ» ересек тобында «Кітап қайдан […]

Толығырақ

Желтоқсан айының 13 күні, Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, бөбекжайымыздың бүлдіршіндерінің арасында «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбында патриоттық өлеңдер, мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға бөбекжайымыздың ересек, мектепалды топ бүлдіршіндері қатысты. Байқау екі кезеңмен өтті. Бірінші кезең «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбында патриоттық өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтып берді. Екінші кезең «Абай оқылымы-2024» […]

Толығырақ

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған “Менің Отаным — Қазақстан” тақырыптық іс-әрекетті өткізу жұмыс жоспарына сәйкес, барлық топтарда тақырыптық іс-әрекеттері өтті. Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. #тәуелсіздіккүні #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

Толығырақ

Бөбекжайымызда 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған жұмыс жоспары бойынша, «Менің Отаным- Қазақстан» тақырыбында сурет салу, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалар бойында ұлтжандылық сезімдерін қалыптастырып, туған елге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылығын дамыту. Балалар туған елге, туған жерге деген патриоттық сезімдерін өз шығармалары арқылы жеткізе білді. Құрметті №61 «Сұлтан» […]

Толығырақ

11.12.2024 ж. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп базасында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру мақсатында, Ақтау қаласының жол картасы негізінде, үштік одақ арасында әлеуметтік-серіктестік жұмыстарының жоспары бойынша, «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: •Әрбір адамның мамандық таңдаудағы өзіндік көзқарасын, құндылықтарын айқындау. •Таңдаған мамандықтарының терең қырларын ұғыну. • Мамандық […]

Толығырақ

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні №28 «Балдәурен» бөбекжай базасында «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының жол картасы аясында құзіреттілік орталықтармен бір тұтас тәрбие бағдарламасы бағытында «Мектеп дейінгі балаларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің тиімді әдістері» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында спикер №61 «Сұлтан» бөбекжайының тәрбиешісі Дәуітқызы Арайлым және И.У.Бекбаева, М.Б.Муналова, Г.Ж.Изгалиева тәрбиешілерімен бірлескен […]

Толығырақ

04.12.2024ж. №2 жалпы білім беретін мектепте «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын жүзеге асыру аясында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жаңарту: жаңа бағыт, жаңа көзқарас» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қалалық форумы өтті. Форум барысында 2023-2024 оқу жылының қорытындысы негізінде білім беру саласындағы үздік педагогтер мен ұйымдар марапатталып, №61 «Сұлтан» бөбекжайы, мектепке дейінгі […]

Толығырақ