Жаңалықтар

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспары аясында, білім беру ұйымдарына арналған «Табиғатпен үндес білім ұйымы» қалалық экологиялық байқауында «Жасыл балабақша» бағыты бойынша №61 «Сұлтан» бөбекжайы қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. №61 «Сұлтан» бөбекжай ұжымын құттықтаймыз! #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

19.12.2024ж. №8 «Айгөлек» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында «Лифт (жедел саты) мен кіреберістегі (подъезд) мінез-құлық қағидалары» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін балаларға лифтідегі және кіреберістегі қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі қағидаларын үйрету. №8 «Айгөлек» мад тобының тәрбиеленушісі Усен Зере Нурлыбекқызы анасы мен бірге лифті мен кіреберістегі мінез-құлықтың негізгі қағидалары туралы видеоролик дайындады. […]

19.12.2024ж. №11 «Қызғалдақ» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында «Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?» «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті. Мақсаты: тәрбиеленушілерге жедел қызметтердің, байланыс орталықтарының телефон нөмірлерін есте сақтауды және қажет болған жағдайда дұрыс пайдалануды үйрету. Тәрбиеші К.Ж.Жалгасова балаларға қандай жағдайларда жедел қызметтерге, байланыс орталықтарына қоңырау шалу керектігін, […]

18.12.2024ж. №6 «Ақжелкен» ересек тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары кестесіне сәйкес «Қоғамдық орындардағы және көліктегі мінез-құлық қағидалары» тақырыбында балалармен әңгімелесу, түсіндіру, жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: балаларға саябақтар, кинотеатрлар, ойын алаңдары сияқты қоғамдық орындардағы және қоғамдық көліктегі негізгі қауіпсіздік қағидаларын үйрету. Тәрбиеші Р.Э.Коптлеуова саябақтар мен ойын алаңдарында ешқашан ата-ана мен үлкендерден алыс кетпеу туралы, егер адасып қалса, тұрған жерде […]

«Кітапtime» оқу апталығы аясында «Кітап-білім бұлағы» атты бөбекжайға кітап сыйла акциясы ұйымдастырылып, оқу сауаттылық апталығы қорытыланды. Мақсаты: бөбекжайдағы кітапхана бұрышындағы кітаптар қорын заманауи басылымдармен толықтыру. №61 «Сұлтан» бөбекжайының ата-аналары белсенділік танытып, өздерінің оқыған жаңа кітаптарын сыйға тартты. Акцияға 6 топ қатысып, бөбекжайдағы кітапхана бұрышы түрлі кітаптармен толықтырылды. Бөбекжайға кітап сыйла акциясына белсене атсалысқан №1 «Балапан», […]

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бағытында, «Кітапtime» оқу апталығы аясында «Үйдегі кітаптар» тақырыбында отбасымен кітап оқу челленджі ұйымдастырылды. Челленджге қатысушы №1 «Балапан»ортаңғы, №2 «Құлыншақ» ортаңғы ортаңғы, №3 «Балбөбек» кіші, №4 «Ақбота» ортаңғы, №5 «Түймедақ» ересек, №8 «Айгөлек» мад, №9 «Күншуақ» мад, №10 «Ақбұлақ» ересек топтарының тәрбиеленушілері және ата-аналары #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

«Кітапtime» оқу сауаттылық апталығы. «Суреттер сөйлейді» тақырыбында (қима суреттерден кітапша жасау) қол өнері Мақсаты: Балаларды кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту. №9 «Күншуақ» мектепалды тобы Тәрбинші: Момынова Э.Д.

«Кітапtime» оқу апталығының жоспары бойынша №8 «Айгөлек» мектепалды тобының тәрбиеленушілері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектебінің кітапханасына экскурсияға барды. Экскурсия арқылы тәрбиеленушілерді кітап мәдениетіне баулып, балаларды кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеп, кітап сүйер қауым әлеміне ынталандырылды. Тәрбиеші: Юсупова М.А.

«Кітапtime» оқу апталығының кезекті іс-шарасы «Жедел жәрдем», №10 «Ақбұлақ» ересек тобында «Кітаптарды емдейміз» тақырыбында сюжетті-рөлдік ойыны ойнатылды. Балалар кітаптарды емдеп, қызықты уақыт өткізді. Мақсаты: Балаларды кітап мәдениетіне баулу, кітапты сүюге тәрбиелеу, кітапты күтіп ұстауға, жыртпай ұқыпты ұстауға үйрету. Тәрбиеші: Абилова А.С.

«Кітапtime» оқу апталығының жоспарына сәйкес №1 «Балапан» ортаңғы тобының бүлдіршіндері тәрбиешімен бірге «Үйшік» және «Бауырсақ» ертегісін оқып, ертегіге байланысты сызбаларды пайдаланып лэпбук жасады. Лэпбук шығарманың ретімен есте сақтауға көмектеседі, балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ететін шағын қолдан жасалған кітапша болып табылады. Тәрбиеші: Алхамова А.Н.