Жаңалықтар

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу әдістемелік орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 5 маусым күні қауымдастық топтың мектепке дейінгі мекемелер арасында «Спорттық олимпиада балабақшада» байқауы өтті. Байқауға бөбекжайымыздың дене тәрбиесі нұсқаушысы Казиева Маншук Алибаевна қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлім

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу әдістемелік орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған «Жауқазын» шығармашылық өнер фестивалінде «Эстрадалық вокал» жанры бойынша бөбекжайымыздың №7 «Қарлығаш» мад тобының тәрбиеленушілері қатысып, «Ең талантты топ» номинациясымен марапатталды. Жетекшісі: Зейноллаева Гаухар Зейноллақызы Құттықтаймыз! #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлім

Бөбекжайымызда жазғы сауықтыру шараларының жоспарына сәйкес, «Алтын сақа» ұлттық ойындар апталығы өтті. Дене тәрбиесі нұсқаушылары Казиева М.А., Боранбаева А.Е. балаларға «Асық ойындары» атты көңілді ойын-сауық шарасын өткізді. Мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, асық ату арқылы дәлдікке, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу, достық қарым-қатынасты нығайту және дене қозғалысын жетілдіру. Балалар асық ату, қолға жиып алу сияқты […]

11.06.2025ж. Ересек топ балалары таза ауада «Досыма сыйлық» тақырыбында шығармашылық жұмыстармен айналысты. Іс-шара барысында балалар «Менің досым» тақырыбында әңгімелесіп, достық туралы түсінік қалыптастырды. Олар достық туралы ән тыңдап, бірге шырқады. «Шығармашылық шеберханасы» бөлімінде балалар өз қиялдарын іске қосып, жапсыру, сурет салу арқылы достарына арнап сыйлықтар дайындады. Шара соңында бір-біріне жылы лебіздерін, ақ тілектерін арнады. Бұл […]

📌Жаңа жүйе – жаңа мүмкіндік! Балаларды балабақшаға қабылдау ВАУЧЕРЛІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ жүйесі арқылы іске асады! Енді ата-аналар өздері қалаған балабақшаны таңдай алады, ал қаражат балаға бекітіледі. 📌 Әділдік 📌 Ашықтық 📌 Таңдау еркіндігі 📌 Сапалы қызметке қолжетімділік

4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай барлық топтарда тақырыптық іс-әрекеттер өткізілді. Мақсаты: Балардың рәміздер туралы түсінігін қалыптастыру. Мемлекетіміздің аса маңызды белгілеріне құрметпен қарауға дағдыландыру. #рәміздеркүні #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлім

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын! 1992 жылғы маусым айының 4 жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады. Осы мерекеге орай бөбекжай тәрбиешілері мен тәрбиеленушілер Мемлекеттік Гимнді орындады. […]

30.05.2025ж. 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне орай, бөбекжайымызда ересек және мектепалды топ тәрбиеленушілері үшін жарқын әрі әсерлі мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: балалардың мейірімділік, достық, қуаныш, бейбіт өмір сынды құндылықтарды сезініп, мерекелік көңіл күймен қуануына жағдай жасау. Балалардың шығармашылық қабілетін, белсенділігін арттыру, өнерге деген қызығушылығын дамыту. Балалардың асыға күтетін бұл күні олар үшін ерекше […]