📌Бөбекжайымызда бракераждық комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысының мақсаты № ҚР ДСМ-16 бұйрығының 3-тарауындағы бөбекжайдағы тәрбиеленушілердің тамақтануының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асыру, жеткізілген азық-түліктің сапасы, тамақты дайындау мен тазарту кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау және тамақтану сапасын мерзімдік бағалау.
Комиссия отырысына №1 «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Тынышлык Әмірланның анасы Кемалова Галия Галымовна қатысты.
Отырыс барысында комиссия мүшелеріне ас мәзірі бойынша тағамдар: бұршақ сорпасы сиыр етімен, сиыр етімен палау, порциялы тұздалған қияр, кепкен жемістерден жасалған компоттың дәмін, түсін, құнарлығын, сапалық құрамын, порция мөлшерін бақылау ұсынылды.
Комиссия мүшелері, сонымен қатар асхана ішін толық аралады. Тексеріс барысында ондағы ыдыстардың, едендердің, қоймалардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай ұйымдастырылғандығы назарға алынды. Асхана қызметкерлерінің медициналық кітапша және жұмысқа жарамдылық рұқсаты бар екендігі тексерілді. Сондай-ақ, асханаға тағамдарды жеткізуші мекемелердің, азық-түліктерінің сапа сертификаты жайында құжаттары мұқият қаралды.
Асхананың тазалығы санитарлық нормаларға сай. Алдағы уақытта комиссия отырыстары кестеге сәйкес өз жұмысын жалғастыратын болады.
#бракеражды_комиссия
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі