14.10-18.10.2024ж. аралығында Біртұтас тәрбие бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, №61 «Сұлтан» бөбекжайының топтары арасында бөбекжайішілік «Шаңырақ» отбасылық бейнероликтер онлайн байқауы өтті.
Мақсаты: Отбасылық дәстүрлерді жаңғырту, отбасылық құндылықтарға қолдау көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы отбасылық дәстүрлерге, рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу. Балалар мен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, ата-аналарды балалардың өміріне белсенді қатысуға баулу.
Байқауға 8 отбасы қатысып, бала мен ана, бала мен әже арасындағы сыйластық, мейірімділік пен адалдық, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді көрсете білді.
«Шаңырақ» отбасылық бейнероликтер онлайн байқауының қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі орын дипломдармен, ойыншықтармен марапатталды.
📌Ортаңғы топтар арасында:
І орын — №1 «Балапан» тобының тәрбиеленушісі Қайрбай Ақмейір Ерболқызы
ІІ орын — №2 «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушісі Талғат Аслан Наурызбекұлы
ІІІ орын — №4 «Ақбота» тобының тәрбиеленушісі Әбделі Айдай Серікжанқызы
📌Ересек топтар арасында:
І орын — №6 «Ақжелкен» тобының тәрбиеленушісі Үсен Еркебұлан Ерланұлы
📌Мектепалды топтар арасында:
І орын — №8 «Айгөлек» тобының тәрбиеленушісі Лепес Айкөркем Айдосқызы
«Өнерлі отбасы» номинациясы — №9 «Күншуақ» тобының тәрбиеленушісі Қазбек Әбубәкір Әлібекұлы
«Өнегелі отбасы» номинациясы — №7 «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі Бекқожа Аймира Исмайлқызы
📌»Берекелі отбасы» номинациясы — №3 «Балбөбек» кіші тобының тәрбиеленушісі Ерқонай Ханшайым Нұржанқызы
Байқауға белсене қатысқан ата-аналарымызды құттықтай отырып, алғысымызды білдіреміз!
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі