Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, бөбекжайымыздың психолог маманы Нұрмұханбетова Ақмарал ата-аналармен кездесу өткізіп, бала тәрбиесіндегі ата-ананың орны мен маңызы туралы кеңес берді.
Кездесу барысында ата-ананың баламен жылы қарым-қатынас орнатуы, эмоциялық қолдау көрсетуі, үлгі бола білуі — баланың тұлғалық дамуына зор әсер ететіні айтылды.
Психолог Нұрмұханбетова А.Т. ата-аналарға отбасындағы өзара түсіністік пен махаббаттың бала өміріндегі рөлін түсіндіріп, нақты жағдайларға қатысты пайдалы кеңестер ұсынды.
Ата-аналар кездесуге белсене қатысып, сұрақтарын қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бөбекжай психологы ата-аналарға кеңес берді
