Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025жылдың 4 сәуір күні, №61 «Сұлтан» бөбекжай спортзалында, «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының  жол картасы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында құрылған әкелер клубының жұмыс жоспарына сәйкес, Бекзат Саттархановтың туғанына 45 жыл толуына орай, «Біз спортты сүйеміз» жарысы ұйымдастырылып өткізілді.
Спорттық жарыс төрт кезеңнен тұрып, оған Ермановтар отбасы, Балабаевтар отбасы, Макановтар отбасы қатысты. Әр кезеңде топ мүшелері ептіліктерімен көзге түсті.
Жарыс соңында әділқазылар алқасы әділ шешім шығарып, жеңімпаздарды марапаттады.

🥇 орын Балабаевтар отбасы, №5 «Түймедақ» тобының тәрбиеленушісі Балабаев Марлен Саматұлы, ағалары Балабайұлы Бектас, Балабаев Санжар Саматұлы.
🥈 орын Ермановтар отбасы, №8 «Айгөлек» тобының тәрбиеленушісі Талғат Шахмардан Наурызбекұлы, әкесі Ерманов Наурызбек Талгатович, ағасы, Талғат Рамазан Наурызбекұлы
🥉 орын Макановтар отбасы, №11 «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушісі Қоштай Сартай Дүйсенғалиұлы, әкесі Маканов Дуйсенгали Коштаевич, ағасы Қоштай Рысбек Дүйсенгалиұлы
Марапаттарыңыз құтты болсын!

Белсенділік танытып, жарысқа қатысқан әкелерге, ағаларға алғыс айтамыз!

Дене шынықтыру маманы:
Боранбаева Акку Есмурзаевна

#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі