Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

13.02.2025ж. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі» жоспары бойынша, №2 «Құлыншақ» ортаңғы тобында «Ұлттық құндылықтарды дәріптейміз» тақырыбында өткізілген іс-шара.
Мақсаты: Бөбекжай мен ата-ананың арасындағы ынтымақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерімізді, салт-дәстүрімізді, тарихымызды дәріптеу. Аналарды, әжелерді белсенді түрде бөбекжай, қосымша білім беру өміріне қатыстырып, байланысын нығайту.

Іс-шара барысында тәрбиеленуші Жайлығара Аянаттың әжесі Жайлигараева Галина балаларға жүннен түрлі бұйымдар жасауға болатынын түсіндіріп, ою-өрнек түрлерін таныстырып, балаларға салт-дәстүрлердің құндылығын түсіндірді.
Топтағы тәрбиеленуші қыздар, Айтмұханбет Қызғалдақтың анасы  Жәнібекқызы Сұлушашпен бірігіп ұлттық тағамның бірі құрт дайындады. Сондай-ақ, Шамшадин Айлинның анасы Бекболат Асель Бауыржанқызы балаларға нан дастарханға қалай келетіні жайлы түсіндіріп, ас атасы нанды жасай отырып, ұлттық тағам түрлері туралы кеңінен айтып, дәріптеді.
Шараға белсенді қатысқан ата-аналар ұлт болашағын тәрбиелеуге зор үлес қосқаныңыз үшін Алғыс білдіреміз!

Тәрбиеші: Алдабергенова Айсауле Амандыковна