Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

14.02.2025ж. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі», «Аталар мектебі» жоспары бойынша, №3 «Балбөбек» кіші тобында «Өнегелі отбасы» тақырыбында өткізілген іс-шара.
Мақсаты: Балалар мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіріп, ұлтжанды етіп тәрбиелеу.

Шара барысында Қалдыбай Айлин Азаматқызының атасы Әбіш Қалдыбай Иванұлы ұлдарға қамшы өру әдістерін үйретіп, қамшының маңызын түсіндірді. Әжесі Далина Жайнагул Есенгаревна қыздармен бірігіп ұлттық тағамның бірі құрт дайындады. Базарбай Айсезім Ниязбекқызының анасы Көпенова Раушан Сүлейменқызы қыздарды оюмен таныстыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерге қызығушылықтарын арттыру мақсатында шығармашылық жұмыстар жасады және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында кішкентай қыздарымызға бұрымдарын әдемі өруді үйретті.
Оюлар-қазақтың дәстүрлі қолөнерінің бір-бөлігі, оларды түсініп, қолдана білудің маңызы зор.

Ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан ата, әже, анамызға алғысымыз шексіз!

Тәрбиеші: Жұбандықова Әлима Нұрымқызы

#аталармектебі
#әжелермектебі
#аналармектебі
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі