Жазғы сауықтыру -шынықтыру шаралары жоспарына сәйкес, «Кел шырқайық, бәріміз» апталығы бойынша
«Би – мәдениет биігі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шараның сыйлы қонағы болған, «Райхан» би тобының жетекшісі Сапагулова Арайлым Көмекжанқызы шәкірттерімен кездесіп, сұхбат жүргізді. Бүлдіршіндер «Бипыл», «Батырлар», «Гүлдер» биімен ортаға шығып, би билеп өнерлерін көрсетті. Шара соңында бөбекжай ұжымы Арайлым Көмекжанқызының шығармашылығына ерекше табыс тілеп, өзекжарды тілектерін тіледі.
Арайлым Көмекжанқызы бөбекжай ұжымына және бүлдіршіндерге ризашылығын білдіріп, ақ тілегін арнап, шәкірттерімен естелікке суретке түсті.
«Би – мәдениет биігі» атты мерекелік іс-шара өтті
