24.02.2025ж. №8 «Айгөлек» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында «Бейтаныс жерде қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті.
Мақсаты: балаларға бейтаныс адам оларды алып кетуге тырысқан жағдайда дұрыс әрекет етуді, өздерін қорғап, көмек шақыруды үйрету.
Меңсұлу Атабайқызы балаларға бейтаныс адам оларды алып кетуге тырысса, қалай әрекет ету керектігін түсіндірді. «Бейтаныспен кездесу» бейнеролигін қарап, негізгі қауіпсіздік қағидаларын талқылады.
1-қағида. Ешқашан бейтаныс адамдарға ерме.
Балаларға бейтаныс адамдарға еріп кетуге болмайтынын (тіпті олар қызықты немесе тәтті нәрселер ұсынса да) түсіндіру.
2-қағида. Сенімді ересектерге жақын бол. Балаларға әрқашан ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жанында болуға үйрету.
3-қағида. Дауыс шығарып, көмекке шақыр. Бейтаныс адам оларды алып кетуге тырысса, балалар «Көмектесіңдер!» немесе «Мен бұл адамды танымаймын!» деп қатты айқайлау керектігін түсіндіру.
4-қағида. Қауіпсіз орынға қарай жүгір.
Балаларға қауіпсіз орынға мысалы, ата-анасына, педагогке, полиция қызметкеріне немесе сенуге болатын басқа ересек адамға жүгіруге үйрету.
5-қағида. Болған жағдайды ересек адамға айт. Балаларға кез келген күмәнді жағдай немесе бейтаныс адамның оларды алып кетуге тырысқаны туралы ересек адамға міндетті түрде айтуға үйрету.
Тәрбиеші қорытындылай келе балаларды бейтаныс адамдармен байланыс кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі қағидаларымен таныстырды. Балаларға бейтаныс адамдармен, олар тартымды нәрсе (балмұздақ, кәмпит, сағыз, ойыншық және т.б.) ұсынса да, бейтаныс адамдармен еріп кетуге болмайтын түсіндірді.
Тәрбиеші: Юсупова Менсулу Атабаевна
#жекеқауіпсіздік
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі