Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№61 «Сұлтан» бөбекжайында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және «Мамыр — Ынтымақ айы» айлығында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес «Бейбіт ел — бақытты бала» тақырыбында сурет салу байқауы өтті.
Мақсаты: талантты балалардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру. Бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу мен отаншыл, мемлекетшіл, туған жерді қастерлейтін, мейірімді, бауырмал, жасампаз тұлға қалыптастыру.
Байқауға ересек, мектепалды топ тәрбиеленушілері қатысты. Балалар сурет байқауына берілген тақырыпқа сай суреттер салып, ойларын ашық жеткізді. Байқау соңында дипломдармен марапатталды.
Бейнелеу өнері маманы: Садыбекова Майра Нұрланқызы
#bilimim_otanyma
#Біртұтас_тәрбие
#оқуәдістемелікорталығы
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Ұлттыққұндылықтар
#Ақтауқалалықбілімбөлімі
#Маңғыстауоблысыбілімбасқармасы
#ұлттықбаяндамамаңғыстау