Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, бөбекжайымыздың №9 «Күншуақ» мектепалды тобының тәрбиешісі Момынова Эльмира Дулатбековна ата-аналарға бала психологиялық тұрғыдан мектепке қалай дайын болу керектігі жөнінде кеңес берді.
Кеңес барысында ата-аналарға арнайы сауалнама ұсынылып, сауалнама арқылы баланың мектепке дайындығы мен ата-ананың көзқарасы анықталды.
Кездесу барысында бала бойындағы мектепке дайындық белгілері, зейін мен есте сақтау, логикалық ойлау қабілеті, эмоциялық-ерік сапалары, өзін-өзі ұстау дағдылары туралы маңызды мәліметтер ұсынылды. Ата-аналар балаға мектепке баруға психологиялық тұрғыдан қалай қолдау көрсету керектігі туралы пайдалы кеңестер алды.

#консультациялықпункт
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлім