30.05.2025ж. 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне орай, бөбекжайымызда ересек және мектепалды топ тәрбиеленушілері үшін жарқын әрі әсерлі мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: балалардың мейірімділік, достық, қуаныш, бейбіт өмір сынды құндылықтарды сезініп, мерекелік көңіл күймен қуануына жағдай жасау. Балалардың шығармашылық қабілетін, белсенділігін арттыру, өнерге деген қызығушылығын дамыту.
Балалардың асыға күтетін бұл күні олар үшін ерекше көңіл күй мен ұмытылмас сәттер сыйланды.
Мерекелік шара барысында балалар ән айтып, би билеп, тақпақтар айтып, көңілді ойындарға қатысты. Кейіпкерлермен жүздесіп, тосын сыйлар мен түрлі қызықтарға куә болды. Мерекелік шара балғындардың жүрегінде жылу мен шаттық сыйлаған қуанышты күнге айналды.
#Балаларкүні
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы