22.07-26.07.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру — шынықтыру шараларындағы жоспары бойынша «Бағдаршам», «Жол ережесін сақтайық» атты тақырыптық іс-әрекеттері кіші, ортаңғы, ересек топтарда өткізіліп, апталықтың қорытындысы ретінде барлық топ балаларының қатысуымен «Балалар және жол» тақырыбында ойын-сауық шарасы өтті.
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, оны пайдалана білуге және есте сақтауға үйрету. Жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар мен қимылды ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын-сауыққа Жол сақшысы мен Зуылбек қатысты. Жол сақшысы балаларға жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстырды. Ойын-сауық барысында әртүрлі ойындар ойнатылып, балалар қызығушылықпен қатысты.
#жазғысауықтыру
#жолкартасыақтау
#Ұлттыққұндылықтар
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі