Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

22.07.-26.07.2024ж.аралығында жазғы сауықтыру -шынықтыру шаралары жоспарындағы кезекті іс-әрекет «Балалар және жол» апталығы.
Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережелерін меңгерту, жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.

Кіші топ, ортаңғы, ересек топтарында апталықтың тақырыбына сай тақырыптық іс-әрекеттер өтті.
Балалармен жол жүру ережелері туралы тақырыптық әңгімелер өткізілді, жолдағы, көліктегі, көшедегі тәртіп ережелері туралы және «Бағдаршам» туралы бейнебаян көрсетіліп, ойындар ойнатылды. Апталықтың мақсаты балаларға белсенділік пен шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.