Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

18.04.2024 жылы №61 «Сұлтан» бөбекжай базасында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру мақсатында, Ақтау қаласының жол картасы негізінде, ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп», №32 «Ақшағала» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК және №61 «Сұлтан» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК үштік одақ арасында әлеуметтік-серіктестік жұмыстарының жоспары бойынша, «Балабақша – мектеп – колледж» үздіксіз білім беру орталығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, «Болашақ» колледжі, №28 жалпы білім беретін мектеп педагогтері және колледж студенттері қатысты.

Шара барысында №61 «Сұлтан» бөбекжай психологы Батырбаева Ж.Б. «Ұжымдағы қарым-қатынасты жақсарту», №32 «Ақ шағала» бөбекжай тәрбиешісі Капизова Т.М. «Менің көңіл-күйім» тақырыптарында педагогтермен тренингтер өткізді.
✅️Каспий өңірі «Болашақ» колледж студенті Рахметова Дильназ «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында баяндама оқыды;
✅️№61 «Сұлтан» бөбекжай дефектологы Кумисбаева Н.С. «Дислалия туралы түсінік. Сөздер мен сөйлемдерде” Л”дыбысын дұрыс айтуды үйрету» тақырыбында шебер сынып;
✅️№28 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жүнісалиева З.Ж. «Театрланған қойылымдардың білім алушыларға пайдасы» тақырыбында шебер сынып;
✅️№61 «Сұлтан» бөбекжайының Қазақ тілі маманы Туметова А.К. «Ағаштар неге ашуланды?» тақырыбында педагогтерге арналған шебер сынып өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.
Дөңгелек үстелдің қорытындылау кезеңінде қатысушылар өз ойларымен пікір алмасты.

#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#Маңғыстауоблысыбілімбасқармасы
#оқуәдістемелікорталығы
#қалалықбілімбөлімі
#МаңғыстауАтырауБілім #МангыстауАтырауОбразование